Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Осы тұрғыда бірқатар жұмыстар жөнінде төмендегідей баяндаймын.
Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында: мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысына фбш төлемі қандай негізбен есептелетіні және жұмыс уақытынан артық қызмет жасаған жағдайда үстемақы төлеу мәселелері жөнінде және осы аталған кездесулер аясында әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызмет заңы жөнінде кеңестер берілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеу жүйесі бойынша, соның ішінде жеке жұмыс жоспарларының мерзімді, өлшемді, даму бағдарламаларына сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында ЗУМ арқылы мемлекеттік қызметшілермен 15 семинар өткізілді.
Жеке және заңды тұлғалармен кездесу кездесу кезінде: көпшілік сауал мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсініктер берілді.
Ақпараттық түсіндірме: Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөніндегі Әдеп жөніндегі жиындар Құрманғазы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында жарияланып, «Серпер» газетінде «Мемлекеттік қызметшінің әдебі», «Адал қызмет ету - парызымыз», «Әдепті қызметкер – абыройлы тұлға» тағыда басқа тақырыптарда барлығы 21 мақала жарияланды.
2021 жылы эпидахуалдың тұрақсыздығына байланысты мемлекеттік орган басшыларының тұрғындармен кездесулері шектеліп, алайда әлеуметтік желілер арқылы онлайн түрде "Адал көмек" жобасы аясында және ашық әкімдіктің қоғамдық қабылдау жоспарына сәйкес, барлығы 42 кездесу өткізілді.
Бұл кездесулер алдын-ала Құрманғазы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында және "Серпер" газетіне жарияланды. Кездесу аясында: тұрғындар тарапынан түрлі сала бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұрақтар қойылып, толық жауап берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы: 2021 жылы ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 15126 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ауылдық округтер мен медициналық мекемелерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 7500 қызмет көрсетілді.
Жыл ішінде Техникалық ақаулықтарға байланысты бөлімдермен және жергілікті атқарушы органдарымен 6 мемлекетік көрсетілетін қызметтің мерзімі бұзылған, алайда негізсіз бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы Атырау облысы бойынша филиалының Құрманғазы аудандық ХҚКО бөлімшесінде қоғам белсендісі ретінде Жұмалиев Талғат Серікбайұлы және бөлім басшылары (бөлімнің мамандары) 6 рет Құрманғазы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында тікелей эфирге шығып, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және атқарылған жұмыстары жөнінде таныстырып, эфир барысында туындаған сұрақтарға әр сала бойынша жауаптар берді. Негізгі көп жолданған сауалдар: Жұмыссыздық жөнінде, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жайылым жер телімін алу мәселесі және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылып жатырған бағдарламалар аясында болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасы халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыру үшін, аудан әкімдігінің 2-ші ғимаратында «Сервистік әкімдік» қызмет көрсету бөлмесі жұмыс жасауда. Ғимаратта азаматтардың әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуына барлық жағдай жасақталған. Арнайы бекітілген кестеге сәйкес, дербес бөлімдер мен мекемелер аптаның бес күнінде «Ашық әкімдік» ғимаратында қабылдау өткізеді. Қабылдау кестесі қосымша аудандық «Серпер» газетіне және Құрманғазы ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасына жарияланды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында іс – шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес жергілікті басылымдарға мақалалар жарияланып, мемлекеттік қызметкерлер арасында карантиндік талаптарды сақтай отырып спорттық және интеллектуалдық ойындар өткізілді. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шарада жыл ішінде жоғары деңгейде ерекшеленген қызметкерлерге 30 жылдық төсбелгісі және түрлі деңгейдегі алғыс хаттар табысталды.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральды-психологиялық климаттың жағдайына талдау жүргізу мақсатында тоқсан сайын жүргізілген анонимді сауалнамаға 750 мемлекеттік қызметшілер қатысты.
«Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша арнайы хатпен барлық мемлекеттік қызметшілер таныстырылып, жасырын қоңырау шалу арқылы талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұсақ кемшіліктер анықталып, ауызша ескертулер берілді.
Мемлекеттік қызметшілермен заңмен белгіленген шектеулер мен тыйым салуды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау және алдын алуға бағытталған талдау жүргізіліп, кемшіліктер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жыл ішінде 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты шаралар қабылданды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Руслан Сауменовке және осы бөлімнің бас маманы Руслан Кабдешевке қатысты Әдеп жөніндегі кеңестің 2021 жылдың 28 мамырындағы №22 шешімімен және Ақкөл ауылдық округінің әкімі Әбдірахман Әлімбайға Әдеп жөніндегі кеңестің 2021 жылдың 24 желтоқсанындағы №60 шешімімен сөгіс жарияланды.
Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша есепті кезеңде 1 жеке тұлғадан шағым түсіп, қаралды. Жеке тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында, Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т.Базарғалиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Басты міндет – мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен жүргізіп отырған саясатына деген сенімді арттыру. Айта кету керек, Әдеп жөніндегі уәкілдін негізгі міндеті – жазалау емес. Уәкілдін қызметі ең алдымен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған. Қандай жағдай болсын, мемлекеттік қызметкерлер халықпен сыпайы, салмақты түрде сөйлесуі тиіс. Әдеп жөніндегі уәкіл, жалпы мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің сенімді өкілдері. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері, құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша консультациялық көмектер көрсетіліп, алдағы уақытта өрескел қателіктерді болдырмау, алдын-алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылған 6 мемлекеттік қызметшіден шығу сұхбаты алынып, шығу себептері зерделенді.
Құрманғазы ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттердің талап деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар негізінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.