2022 жылдың наурыз айында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы –268 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, (2021 жылғы өсіммен наурыз айында -239 өтініш) 29 өтінішке өсіп отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені– 113 (2021 жылғы өсіммен наурыз айында – 83 ).
2022 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): облыс әкімі аппаратынан-2, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -1 өтініш, электронды үкімет порталынан - 4 өтініш, «Amanat» партиясынан -0 өтініш түсіп тіркелді. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ. 37 өтініш қаралуда.
Ағымдағы жылдың наурыз айында қаралған өтініштердің барлығы - 268 (жеке тұлғалар-240, заңды тұлғалар- 27, шағым-1).
Оң шешілгені - 146. (Соның ішінде, оң шешілгендердің 138-жер, 1-тұрғын үй, әлеуметтік мәселе-2, 5-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.)
Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 3 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 16, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 6, жер және жерді пайдалану – 218, коммуналдық шаруашылық-5, кәсіпкерлік – 2, денсаулық сақтау-1, жұмыспен қамту-4, басқа да мәселелер- 16.
Есептік кезеңде барлығы 5 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен 14 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 14 азаматтың мәселесі (тұрғын үй мәселесі, коммуналдық шаруашылық, жер мәселесі, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту және т.б мәселелер) бойынша заң шеңберінде түсінік берілді.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.