2021 жыл бойынша Теңіз ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Приморье ауылы Исатай көшесі 29, тел:87123337507, 87123337508.
2021 жылы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі туралы хабарлама
Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша Теңіз ауылдық округ әкімінің аппаратында төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
1.«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі бойынша жыл ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 25 өтініш келіп түсіп, 24 қанағаттандырылды, 1-уі түсіндірілді. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"-2 өтініш, 2 -де қанағаттандырылды.
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету-өтініш түскен жоқ. "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету- өтініш түскен жоқ.
- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 62 өтініш түсіп,қанағаттандырылды.
Теңіз ауылдық округі әкімінің аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебіне 2021 жылдың 18-25 қазан аралығында ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Әкімшілік ғимаратында қызмет алушыларға көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы стандарты мен регламенті көрсетілген стенд орнатылған.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған және «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.