2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы Құрманғазы ауданы бойынша Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 869 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, (2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айында -884 өтініш) 15 өтінішке артып отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені– 282 (2020 жылғы 9 айында – 259 ). Соның ішінде қайталама өтініштер саны-3.
2021 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): облыс әкімі аппаратынан-4, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -7 өтініш, электронды үкімет порталынан - 41 өтініш, «Нұр Отан» партиясынан -1 өтініш түсіп тіркелді. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаралған өтініштердің барлығы - 869 (жеке тұлғалар-784, заңды тұлғалардан- 85, шағым-7).
Оң шешілгені - 483. (Соның ішінде, шешілгендердің 433-жер, 4-әлеуметтік, 10- коммуналдық, 1- білім, 2- кәсіпкерлік, 2-жұмыспен қамту, 31-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.)
Жеке және заңды тұлғалардан а.ж 9 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 20, коммуналдық-шаруашылық- 32, еңбек және жұмыспен қамту -8, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 11, білім және оқу ақысын төлеу –4, жер және жерді пайдалану – 647, денсаулық сақтау - 1, кәсіпкерлік - 8, құрылыс - 12, ауыл шаруашылығы – 4, ономастика-1, басқа да мәселелер- 121.
Есептік кезеңде барлығы 8 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен 28 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 28 азаматтың мәселесі (тұрғын үй мәселесі, коммуналдық шаруашылық, жер мәселесі, жол салу бойынша, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту және т.б мәселелер) бойынша заң шеңберінде түсінік берілді, 1 тұрғынның мәселесі оң шешілді.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның Серпер баспасөз бетіне жарияланады.