Байда ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы №1

 

Байда ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы №1

 Котяев ауылы                                                                       «30» шілде 2021 жыл

Байда ауылдық клубы                                                          сағат 10:00

Қатысқандар: тұрғындар саны – 76 адам.

Қоғамдастық жиналысына қатысуға тиісті мүшелері: 11 адам.

Қатысқандар: 10 – адам. Исмагулов Якуб Өтепбергенұлы, Жантумаев Нұрлан  Муслимұлы,  Дюсалиев Берік Камалұлы, Бисахов Амиргали Рахимжанұлы, Ахметкалиев Мубарак , Шарипов Сейтжан Нуржанович, Сатылганов Нурбек Дюсенбаевич, Ислямов Жанайбек Адилхатович, Ертаев Еламан Қайыржанұлы. Бір адам онлайын бағытында қатысты Муфтахов Амандық,  Бір қоғамдастық мүшесі – дәлелді себептермен (Атырау қаласына шақыртумен кетуіне байланысты) қатысқан жоқ. Тусупкалиев Болат Тусупұлы.

Күн тәртібінде:

  1. Байда ауылдық округінің және Котяев ауылының атауын өзгерту жөнінде.

                                           Тындалды:

Жиналысты  Байда ауылдық  округінің әкімі – Ж.С.Турегалиев ашып, күн тәртібіне  ұсынылып отырған мәселе бойынша түсінік беріп өтті.

Ж.С.Турегалиев: 2021 жылдың маусым айының  24-і күні аудандық «Серпер» үнжарнасының  25 басылымына Байда ауылдық округінде орналасқан клуб ғимаратында қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен  тұрғындар жиналысы өткізілетіндігі  жарияланған болатын. Осыған орай бүгінгі күні Сіздермен кездесіп отырмыз.

          Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елде мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың  атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып жалпы қоғамдастық мүшелерінің             11 адамының 10- і  адамы қатысып отыр, жиналысты ашуға деген толық мүмкіндік бар. Қоғамдастық мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын ұсынамын.

         Жиналыс төрағасы Ислямов Жанайбек Адильхатович

         Хатшысы болып Галиханов Амангелді Галиханович сайланды.

 

Ж.С.Турегалиев: Заң талаптарына сәйкес төрағасы президиумға шақырылды.

Жиналыс төрағасы: Ж.Ислямов қоғамдастық жиын алдында ұсыныс жасады. Күн тәртібіндегі  Байда ауылдық округінің және Котяев ауылының атауын өзгерту жөнінде делінген осыған орай, Байда ауылдық округі мен Котяев ауылының атауын өзгертуді қолдасақ дегім келеді.

 

Ұсыныс: Я.Исмагулов, қоғамдық жиын мүшесі.

Жалпы мына орысша атау Котяев қой. Осыдан үш жылдың үстінде тарихы бар Байда деген атақты ауылдық округі деп қалдырып Котяев дегенді ауыстыруға қалдырсақ деген ұсыныс түсті.

Байда селолық округі болсын сосын тарихи келе жатырған атау мына барлық өңірдің барлығын Байда өңірі дейді шығыс жақты Зормата өңірі дейді сондықтан Байда селолық округін талқыға салмай атау ауыстыруды тек Котяев атауын салсақ деген ойым бар.

Ұсыныс қабылданып қоғамдастық мүшелерімен дауысқа салу жөнінде шешілетіндігін ескертілді.

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші сөз:

Сөйлеушілер:

Б.Дюсалиев – Зейнеткер, қоғамдастық жиын мүшесі.

            Ал енді құрметті ауыл тұрғындары бүгін мына ауылымызға үлкен жақсы жаңалық болып жатыр Котяев ауылының атауын өзгертіп жаңа атау беруді жұмыстанып жатырмыз мен енді өзім мына Бөкейхан атамызды ұсынамын себебі ол атамыз елімізге халқымызға осы қазақтарды Еділ мен Жайықтың бойына орналастырып үлкен еңбек еткен ханымыз ол кісінің өмірі тарихта бар. Сондықтан мына Президентіміз бен Россия президенті қолдап «Малый аралда» арнап салған мазар бар, оның қасында баяғыда бірге жүрген жұмыстас болған досы Сейт баба атамыз, әулие атамыздыздың зираты бар сол кісілердің аруағы қолдап, халқымызды, елімізді, бала-шағамызды қолдасын деген тілектеміз. Сол кісінің есімін ауылымызға қойсақ деген ұсынысым бар. Котяев ауылының атауын «Бөкейхан» атауы деп  және де Байда ауылдық округін  «Бөкейхан» ауылдық округі деп аталса деген ұсыныс беремін

Е.Ертаев – зейнеткер, қоғамдастық жиын мүшесі.

Құрметті Байда ауылдық округінің тұрғындары,  халық сайлаған қоғамдастық мүшелерінің кеңестері, барша қатысып отырған азамат-азаматшалар. Бүгін үлкен тарихи мәселе шешілейін деп отыр. Мысалы, мен үшін Котяев, Байда деген өзіме бала кезімнен ыстық, мына Байданың тарихы жөнінде біздің бала кезімізден, әкелеріміз Байда мен өсті. Котяев селосының орталығы «Память-Ильича» колхозы болды, Котяев селосы болды, қарттардың көбі Жасталап ауылында тұрды мен Жасталап ауылында туып өстім. Үлкендердің көбісі Котяев дегенге тілі келмей Кутиев деп жүрді сондықтан олар Байда деп Байдаға барамыз деп аталып кеткен. Байда туралы бұрыңғы сенат депутаты С.Еңсегинов арқылы және ономастикалық комиссияның тіл жөніндегі маманының Байда жөнінде түсініктері бар Байда жат ұғым емес Байда осы жердегі Қиғаш бойындағы он шақты елді мекенді азық-түлікпен, тамақпен, киім-кешекпен, басқада материалдармен қамтыған Байда өңірінен шыққан. Мына ауыл Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Байда ауылдық округі, Байда ауылы орталығы болып қалсын деп есептеймін. Мынау енді біздерді қоғамдық кеңеске сайлағанда әр –қайсымызға тұрғындардың мұң-мұқтажын билік атқарушы органдарға хабарлайтын көш сіздерде деп тапсырған болатын. Сол себепті менің Қаныш Сәтпаев көшесінде 80-ге жуық үй бар солардың тұрғындары да көбі болмағанмен көпшілігі осы Байда ауылы ретінде қалдыруды әңгімелерінде, сәлемін сіздерге жіберіп отыр. Сондықтан менің ұсынысым осында әкелерімізде аруақ үшін Байда деген мына үлкен Жасталап, Шортанбай, Колрдуан, Рожок үлкен ауыл жатыр Байда деген ауылдың бәріне таныс. Сондықтан менің ұсынысым осы Байда селолық округі және Байда селосы болсын деген ұсынысым бар.

Б.Калиев – зейнеткер, ауыл тұрғыны:

Қадірлі село тұрғындары бүгін ауылда  үлкен жиналыс болып жатыр, Бұл жиналыс басқа жиналыстан өзгеше бұны біз форум деп атаймыз, алқалы жиын деп айтады. Мынау енді ауылымыздың атауын өзгерткелі жатыр Бұл енді Байда бұрын атауы, біздің бұнда жиналып отырғанымыз бізге дейінгі ұрпақтың жіберген кемшіліктерін біз жөндейіндеп келіп отырмыз. Себебі ауыл атауы Котяев болған селолық советтің атауы Байда болғанға не себеп біздерде қазір 19 округ бар бәріде өзінің атауымен аталған Кудряшов ауылы, Шортанбай ауылы, бізде басқаша сондықтан біз оны өзгертуіміз керек Бұл Байда деген сөз ескі көне ешқандай қолданыста жоқ сөз Байда бұл араға 19-ғасырларда орналасқан елді қазақтар келіп қоныстаған егін, мал шаруашылығымен айналысқан мына Байданы Болтовой ана Ражок деген жер бар ол Ражок емес Рашков 1895-96 жылдары ылғи балықшы ауылы болған Біздің Бөкей атамыз қазақтарға жерді алып беру үшін жұмыстанған.  Ауылдың атын өзгерту Ресеймен шекарада жатырған біз үшін ауадай қажет. Күні кеше Ресей мемлекеттік думасының депутаттары не айтқаның өздеріңіз естіп, біліп отырсыздар. Бөкей хан  ұлы тұлға, оны тарихтан бәрі біледі. Бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өткен жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығында атап өтті. Тұңғыш Президентіміз халыққа  үндеуінде «Ұлы тұлғалардың  аты тарихымызда мәңгі  сақталуы керек, ол  біздің міңдетіміз» деді. Бөкей бабамыздың  зираты Котяев ауылынан  34 шақырым жерде.

Бұл ұлы тұлға1801 жылы  орыс патшасы I Павелден  рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығына, Ноғайлы қазақтарының ескі жұртына қоныстандырды. Содан былай ол өңір «Бөкей ордасы» деп аталды. Кіші жүз қазақтары осы жерде тұрып, Еділ мен Жайықтың арасына малдарын еркін жайып, пайдаланған.  1815 жылы Нұралы баласы Бөкей хан дүниеден озды. Кейінен Жәңгір хан болды. Менің айтайын дегенім осы ауылдың аты да Бөкейхан деп аталуы тиіс. Сөз соңында Котяев ауылының атын өзгертіп, Бөкейхан атамыздың есімін беруді және ауылдық округті Бөкейхан округі деп атауды ұсынамын.

Осы жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарының көпшілік дауысымен Бөкейханды қолдау тапты сондықтан менде ауыл тұрғындарына қосыламын.

Н.Жантумаев – қоғамдастық жиын мүшесі.

Құрметті ауыл тұрғындары мен өзімнің ұсынысымды айтайын. Біздің Котяев ауылымыздың атауын Бөкейханға ауыстыруға ұсыныс жасаймын және сол өзгерту жөнінде жиналып отырмыз. Сіздер ойлап қалмаңыздар маған ешкім осы атауды өзгерту жөнінде ақшалай сыйлық беріп немесе басқаша алдау арбау жұмыстары жүрген жоқ бұл тек менің өзімнің ұсынысым. Үлкендер айтып жатыр осы жерде әке шешелеріміз туған деп менің де әке шешелеріміз осы Байдада туған. Бірақ ол кезде біз Россияға қарадық. Россиядан қандай приказ келеді сол болады ол кезде біздің қазақ ауыл атауын қазақша ауыстырамыз деп айта алмады. Айтса ол болмайтын еді. Қазір бізде толық мүмкіндік бар. Сондықтан  мен  Бөкейханды  қолдаймын ол қазақтарға мал, егін шаруашылығын дамыту үшін көп көмегі болған тұлға сондықтан Бөкейханға ұсыныс жасаймын.

С.Шарипов – қоғамдастық жиын мүшесі.

Құрметті ауыл тұрғындары! Ассалаумағалейкум Мұнда жиналған мәселеміз ауылдың атауын өзгертуге енді менің өз басым өзімнің шешкен Төлеп Салықбаев көшесінде тұрамын. Сол көшедегі халықтың 70 пайызы сол Бөкейханға дауыс беріп отыр. Мен енді өз басым жанағы Бақыт  ағамыз айтып кеткендей қандай тұлға болғаның. Мен  өзім сол Сейіт баба ата басына көп барамын соның мазары соның қасында ғой. Мен сол кісіге өз атымнан Бөкейханға дауыс бергім келіп тұр.

С.Ибраев – ауыл тұрғыны

Ауыл тұрғындары. Ауылымыздың атын өзгертуге үлкен жиналыс болып жатыр. Сол жиналысқа қатысып отырғандықтан және осы ауыл тұрғыны болғандықтан мен бір ауыз пікірімді білдіргім келіп тұр. Мен дауысымды Бөкей хан атамызға бергенді жөн көріп отырмын. Бөкей хан атамызға бергенде Қазақстанның Батыс өңірінде Қазақстан мен Орыстардың арасындағы шекарасын бөлуге үлесі көп. Сондықтан  осы жиналысқа қатысып отырғандықтан, Бөкей ауылы дегенге өз пікірімді беріп соған дауыс беремін.

Р.Имангалиев – ауыл тұрғыны.

Құрметті ауыл тұрғындары мен осы жастар атынан ауыл атауын өзгерту жөнінде Бөкей ханға өзгерту жөнінде жазбаша жазып едім соны оқып беруге рұсат етіңіздер. Бөкей хан 1747 жылы туған, Кіші жүзді билеген Абылхайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы. Қазақ жерінің шекарасын кеңейтіп, іскерлігімен тарихта қалған ұлы  тұлға. Бөкей ордасында  қазақ жерінде тұңғыш банк, қазақ-орыс мектебі және  мал тұқым асылдандыруды тұңғыш рет қолға алған. Асыл тұқым жылқы санын 30 мыңға  жеткізген. Байлығы тасыған Батыс өңірін қазақтарға қайтаруға Бөкейдің қосқан үлесі өлшеусіз. Қазіргі Қазақстан картасына  қарасақ мұнай мен газ өндіріп жатқан жерлердің басым көпшілігі бір кездері Бөкей ордасының иелігінде болған.

Егер Бөкей көшпесе, жүрер едік біз қайда.

Шекараны басқа  жұрт өзге жерден сызбай ма.

Егер Бөкей көшпесе Еділ-Жайық бетке алып, 

Қалың мұннан аспай жұрт, қалар ма еді тоқталып.

Егер Бөкей таппаса, ақ патшаның көңілін,

Болжап білер кім барды,  келер ұрпақ өмірің,

Айтам енді бір тоқтам, сөзін емес ақырғы,

Батырлары бар елдің, хандарыда ақылды. Бөкей хан осы жаннатты жерге бір оқ атпай дипломатиялық жолмен, мыңдаған қазақты әкелді. Қазіргі біздің мұнайымыз, газымыз, балығымыз бұрыңғы Бөкей хан ордасының жерінде. Бұл біздің байлығымыз. Сол себептен осы ауылға Бөкей хан есімін беруге әбден лайықты деп санаймын.

А.Бисахов – қоғамдастық жиын мүшесі.

Құрметті Байда ауылдық округ тұрғындары бүгін енді бұл көптен айтылып келе жатырған зат мен осы Байда ауылдық округінде туып өстім. Бірақ енді қай жерге барсақта жер – жерде өзінің қазақ тілімен ат қойылған мен енді қазір осында айтып кетті Бахыт ағамыз, Берік, Нұрлан айтып жатыр, тағыда басқалары  айтып жатыр ғой мен сол Бөкей ханды қолдаймын.

Я.Исмагулов – қоғамдастық жиын мүшесі.

Құрметті село тұрғындары бұл мәселенің шешілген мәселе екенің түсініп отырмын. Менің жалғыз тілегім тарихи атты сақтап қалу. Біріншіден Байда 1794 жылы картада сақталған. Бұл ешқандай қазақ сөзі емес бұл таза түркі тілінен шыққан сөз. Байдалы деген сөз бар қолданылмай жүрген кітап бар сол кітапта Байда деген сөз бар Байдалы деген сөзден шыққан. Ғылыми адамдардың зерттеген тұжырымдамасы интернетті қарасаңыздар Байда деген сөзді орыс тілінде жоқ, ол Дальдің словарында жоқ, Ожеговтың словарында жоқ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Енсегеновтың  округке жазған хатында Котяев ауылы кіретін округ Байда есімін ертеден иеленген. «Байда» сөзін кейінгі кездерде қалмақ сөзі деген жөнсіз пікірлер жансақтыққа  жетелеуде. Шын мәнінде бұл түбі түркілік, көне сөз. Осы «Байда» сөзінің шығу тегі мен мағынасы туралы айтқан. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры,   филология ғылымдарының докторы, «Тарихи атаулрдың этимологиясы» және бірнеше ғылыми зерттеу кітаптарының авторы Гүлбану Қосымова осындай пікірде. Жер су атауларының тарихымен ғылыми негізінде кәсіби тұрғыда айналысып жүрген ғалым сөздігінде «Байда» деген сөздің жоқ екенін, оны қалмақ сөзі деп жүргендердің қандай негізге сүйенетіндерінің  белгісіз екенін  айтады. Гүлбану Қосымова осы орайда маған жазған хатында «Байда» сөзінің көне түркі тіліндегі «бағ» сөз, ал «да» жұрнақ. Сонда «бағда» , яғни мағынасы: - «жауды тізе бүктіру» дегенді білдіреді   деп түсінік берді. Ғалымның айтуынша көне тілдің заңдылығына сәйкес сөздің соңындағы «ғ» дыбысы орта ғасырда «й» дыбысына айналған. Бұдан шығатын қорытынды Байда атауы жаукершілік заманда тарихи маңызы бар орынмен байланысты болуы мүмкін деп түйіндейді. Мен тек тарихымызды сақтап қалғым келеді. Сондықтан мен сіздерге айтайын Байда деген атақ қалсын, ол тарихымыз, Котяевті өзгертуге болады. Байданың кем дегенде 300 жылдық одан да көп  тарихы бар. Ол таза түркі тілінен шыққан қазақтың аты. Сондықтан Байда селолық округі,  Бөкей ауылы болып қалған дұрыс деп есептеймін.

Р.Тюмалиев – ауыл тұрғыны.

Құрметті ауыл тұрғындары мен осы ауыл тұрғынымын. Осы ауылымыздың атына өзгеруіне байланысты мен ауыл жастары атынан сөйлеп отырмын. Бөкей хан болсын деп өз пікірімді білдіріп отырмын. Менің айтарым осы. Рахмет сау болыңыздар.

Г.Бисахов – Ауыл тұрғыны.

Құрметті ауыл тұрғындары бұл көптен шешілмей келе жатқан сұрақ қой. Мына жерде Якуб ақа  айтып жатыр олда дұрыс шығар мында жастар бар. Жастардың болашағы,  мен өзім осы ауылда тұрғанмен мен Байда деп айтып көрген жоқпын Котяевте тұрам, Котяевке барам деп сөйлеймін.  Сондықтан қолдайтыным Бөкейхан болу.

 

Барлығы: 11 адам ұсыныс - пікір айтты.

Сөйлеу тоқтатылды.

Котяев ауылының атауын өзгертуге 2 – ұсыныс түсті, олар:

  1. Бөкей хан ауылы, Байда  ауылдық округі  деп атауға
  2. Бөкейхан ауылы,  Бөкейхан  ауылдық округі деп атауға

Әрбір ұсыныс қоғамдастық мүшелерімен ашық, жеке дауысқа салынды:

  1. Бөкей хан ауылы, «Байда» ауылдық округі деп атауға; қолдап -3,

қарсы -7, қалыс -0.

  1. Бөкейхан ауылы, Бөкейхан ауылдық округі деп атауға; қолдап -7,

қарсы -3, қалыс -0.

Байда ауылдық округінің жергілікті және Котяев ауылының қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе ШЕШІМ ЕТТІ:

 

  1. Қоғамдастық мүшелерінің дауысмен Котяев ауылының атауы және Байда ауылдық округ атауы «Бөкейхан»  ауылы, «Бөкейхан» ауылдық округі деп өзгертуге келісім берілсін.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы округ әкіміне жолдансын.

 

Жиналыс төрағасы:                                                  Ж.Ислямов

 

Жиналыс хатшысы:                                                 А.Галиханов 

 

Байда ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға тиісті қоғамдастық мүшелерінің тізімі.

 

Котяев ауылы                                                                 «30» шілде  2021 жыл

Байда ауылдық клубы                                                   сағат 10:00

 

  1. Исмагулов Якуб Утепбергенович                       _____________________
  2. Тусупкалиев Булат                              _____________________
  3. Жантумаев Нурлан Муслимович _____________________
  4. Ахметкалиев Мубарак _____________________
  5. Сатылганов Нурбек Дюсенбаевич        _____________________
  6. Бисахов Амиргали Рахымжанович _____________________
  7. Мұфтахов Амандық _____________________
  8. Ислямов Жанайбек Адилхатович _____________________
  9. Дюсалиев Берик Камалович _____________________
  10. Шарипов Сейтжан Нуржанович _____________________
  11. Ертаев Еламан Кайыржанович _____________________

 

 

 

Байда ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы №1
Дата публикации
17 сентября 2021