2021 жылғы тамыз айында Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бойынша Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫйона

2021 жылғы  тамыз айында Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бойынша  Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында  Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы –        768 өтініш  түскен.  Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, (2020 жылдың қаңтар-тамыз  айында -747 өтініш)   21-ге артып отыр.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені–                              259 (2020 жылғы 8 айында – 213 ). Соның ішінде қайталама өтініштер саны-3.

2021 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): облыс әкімі аппаратынан-3, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -7 өтініш, электронды үкімет порталынан -  36 өтініш түсіп тіркелді. «Нұр Отан» партиясынан -1 өтініш. Аудан әкімінің блогына да өтініштер түскен жоқ.

Ағымдағы жылдың  қаңтар-тамыз айларында  қаралған өтініштердің барлығы   -  768 (жеке тұлғалар-694, заңды тұлғалардан- 74).

Оң шешілгені - 429. (Соның ішінде, шешілгендердің 383-жер,                                        4-әлеуметтік, 1-тұрғын үй, 9- коммуналдық, 1- білім, 2- кәсіпкерлік, 2-жұмыспен қамту, 27-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.)

Жеке және заңды тұлғалардан а.ж 8 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 21, коммуналдық-шаруашылық- 30,   еңбек және жұмыспен қамту -8, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 11, білім және оқу ақысын төлеу –4,  жер және жерді пайдалану – 574, денсаулық сақтау - 1, кәсіпкерлік - 7, құрылыс - 12,  ауыл шаруашылығы – 4, ономастика-1,  басқа да мәселелер-   95.

Есептік кезеңде аудан  әкімімен  барлығы 8 қабылдау өткізіліп,                   28 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Оның ішінде 28 азаматтың мәселесі (тұрғын үй мәселесі, коммуналдық шаруашылық, жер мәселесі, жол салу бойынша, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту және т.б мәселелер) бойынша заң шеңберінде түсінік берілді, 1 тұрғынның мәселесі оң шешілді.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның Серпер баспасөз бетіне жарияланады.  

 

2021 жылғы тамыз айында Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бойынша Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
06 сентября 2021