АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі,Birlik_so13@mail.ru Бірлік ауылы, Мұхамбетшәріп Бекбаев көшесі 34Б,8(71233) 31359, 31326.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу  туралы ақпарат

 

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы №531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штаттық саны бірлікті құрайды, оның нақты саны- 5 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бірлік  ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы                            №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 1 (бір) түрін көрсетеді:

  1. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру;

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппаратына 2021 жылдың  І жартыжылдығында жеке тұлғадан 16 өтініш келіп түсіп, 10 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды, 5 түсіндірілді, 1 кейінге қалдырылды (№08-03-01/596 15.07.2021 ж. хат).  Заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

2021 жылдың І жартыжылдығында, нормативтік құқықтық актілер бойынша 12 шешім, 75 өкім қабылданды.

04.05.2021 ж.Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді, ауылдық кітапханада «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбындағы кітап көрмесі өткізілді, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ұғымын, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен тап келген кезде азаматтардың іс-әрекеттер тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге дем бергені үшін жауапкершілігін түсіндіретін жаднамалар («Жемқорлыққа жол жоқ», «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!», «Call Center 1424», «Бір пара екі қылмысқер») округ көлеміндегі мекемелер мен шаруа қожалық басшыларына және тұрғындарға таратылады.

12.05.2021 ж. Бірлік ауылдық округінің Facebook ресми парақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін бейнеролик орналастырылды.

     С.Имашев атындағы жалпы орта мектебінде: Құқықтық тәртіп деген не?, Сыбайлас жемқорлықтың түйіні неде? тақырыбында сынып сағаттары өткізілді және  «Сыйбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында стенд жасақталды.

Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте3-13-59 сенім телефоны жұмыс жасайды.

«Бірлік  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.

 

 

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Дата публикации
02 августа 2021