«Шортанбай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты

«Шортанбай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Шортанбай ауылы, Ә. Сәрсенбаев көшесі №13, тел.: 8(71233) 3-21-41

 

«Шортанбай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты

 

Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                          18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                            19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің                    2018 жылғы 23 қаңтардағы №19 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі  К.Нуртаевтың 2021 жылғы 5 ақпандағы «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» №22 қаулысына сәйкес мекеменің штаттық саны – 5 бірлікті құрайды, қызмет атқаратыны – 4 бірлік. бос орын-1. Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Шортанбай ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл тіралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;
  • «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығы;
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыз;
  • «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексі;
  • «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Заңы;
  • «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV Заңы;
  • «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы;
  • «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңы;
  • «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңы;
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңы;
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңы;
  • «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V Заңы;
  • «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;
  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ;
  • «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы №1086 Қаулысы;
  • «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-ІV;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V Заңы;
  • «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Заңы;
  • «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №124 Қаулысы;
  • «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі №1488-ХІІ Заңы;
  • «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285-V Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 Заңы;
  • «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V ҚРЗ;

 

Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрепциялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Округ әкімі аппаратына жеке  және заңды тұлғалардан 2021 жылдың                                                І жартыжылдығы бойынша  барлығы 8 өтініш, оның ішінде: 1 тұлғаға түсінік беріліп, 7 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерде орналастырылған, 3-21-41 сенім телефоны орнатылған. Округ әкімі аппаратының ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Пара алғанда, бергенде  жазаланады», «Параға емес, биікке ұмтыл», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау», «Бір пара – екі қылмыс», « Болашағыңа балта шаппа» тақырыбында жадынамалар ілініп,  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында арнайы дайындалған аудиороликтер округке қарасты мекемелерге таратылып, ұжым ішінде талқыланды.    

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бағытындағы округ тұрғындары арасында:«http://school.kurmangazy.atyrau.gov.kz»,«INDIGO.kz»,

«garden.kurmangazy.atyrau.e-orda.kz.ru» ақпараттық жүйелерін пайдалану қағидаттары мен осы жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін таныстыру және пайдалануын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күні бүгін аталған сайттар арқылы тұрғындар өздеріне қажетті қызмет түрлерін алып отыр. 

Округ әкімінің аппараты бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Округ әкімі аппаратының басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Алға қарай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңейтіліп, жоспарға сай атқарылатын болады.

 

 

 

 

 

 

«Шортанбай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Дата публикации
29 июля 2021