Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Сафон ауылдық округ әкім аппараты мемлекеттік мекемесі, Safon_akimat@mail.ru Сафон ауылы, Азаттық көшесі №35, 87123333480,87123333421
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың І жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты.
«Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты»- ММ-сі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5- тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №10 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штатық саны – бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік. Күні бүгін жұмыс жасап отырған 5 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі года №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 – IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
2021 жылдың І жартыжылдығында шыққан өкім саны- 54, шешім саны - 21. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден уақытынан кешіктіріліп орындалғаны жоқ.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 2021 жылдың І жартыжылдығы жағдайы бойынша - 11 өтініш келіп түсіп, 10 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылып, 1 тұлғаның өтініштері түсіндірілді. Заңды тұлғалардан 1 өтініш қабылданып, түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-34-80 сенім телефоны орнатылған.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара алған да, берген де жазалаланады» атты жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп тұр. «Атырау адалдық алаңы» туралы қажетті деректер округ ғимаратының көрнекі жерінде ілінген. Округ бойынша жемқорлық көріністері мен әрекеттерін алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен тап келген кездегі азаматтардың іс-әрекеттері туралы тәртібі , сондай-ақ осындай әрекеттерге жол бергені үшін жауапкершілігі туралы ақпаратпен қамтылған жаднамалар округ көлеміндегі тұрғындарға, шару қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге таратылды.Тұрмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау және ағарту жөніндегі жүйелі жұмыстарды өркендету мақсатында Департаментпен жасақталған ұлы ойшылдардың, яғни қазақ елінің Төле, Әйтеке, Қазбек билерінің «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол» және Шоқан Уалихановтың «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» атты ұлағатты сөздерімен бейнеленген билбордттар ауылдың көрнекі жеріне орналастырылды.
Сафон ауылдық мәдениет үйінде 2021 жылы 28 қаңтар күні Сафон ауылдық округ әкімі аппараты, «Боташым» балабақшасы, мәдениет үйі және кітапхана ұжымы қызметкерлерімен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты қоғамның әр түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін нақыштау.
2021 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының кірітері мен мүліктері туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылған.Барлық қызметкерлер уақтылы декларация тапсырды. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Аудан бойынша 2021 жылғы арналған Медиа-жоспарға сәйкес округ бойынша аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетінің 2021 жыл 1 сәуірде №13 нөмеріне «Парақорлық қоғамға қастық» атты мақала жарияланды.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын факторы айқындалмады.
Мекеме жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.