Мақаш ауылдық округ әкімінің аппаратына 2021 жылдың I жартыжылдығы қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы
«Мақаш ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Мақаш ауылдық округ әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі, Алға ауылы, Сибағат ата көшесі, 31 А үй, 8(71233) 3-31-41, факс 3-31-42. эл.почта: makash_so@mail.ru
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына орай, 2021 жылдың І жартыжылдықтың қортындысымен «Мақаш ауылдық округ әкімінің аппаратына» сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың 21-23шілде аралығында жүргізілді.
«Мақаш ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді. Округ ғимаратының дәлізінде «Сенім жәшігі» орналасқан. Әр ай сайын «сенім жәшігіне» түскен арыз-шағымдардың бар не жоқ екендігі тексеріліп отырады. Сонымен қатар округте сенім телефоны(3-31-42) жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиісті баннерлер орталық көшелерге орналастырылған. Округке қарасты барлық мекеме ғимараттары мен азық-түлік дүкендеріне арнайы дайындалған ұлы ойшылдардың ұлағатты сөздері бейнеленген көрнекі өнімдер, сондай-ақ, «Атырау адалдық алаңы» туралы қажетті деректер округ ғимаратында ілінген.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметшілерінің штат саны – 15, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 5, келісім шарт негізінде қабылданған қызметкерлер саны – 10 бірлікті құрайды. Округ әкімінің өкімімен мемлекеттік қызметшілердің және жеке еңбек шарты негізінде қызмет атқаратын қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезекшілік кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес еңбек демалыстары беріліп келеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабына сай көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде толық және анық ақпарат ұсынады. Осы талапқа сәйкес Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарымен регламенттері көрнекі орынға орналастырылған. Тұрғындар назарына округтің «Facebook»әлеуметтік желісінде мелекеттік қызметтердің көрсету тәртібі мен олардың түрлері бойынша ақпараторналастырылды.
Аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру бағытында 2021 жылға арналған медиа-жоспарға сәйкес, аудандық «Серпер» газетінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №8 басылымында «Мемлекеттік қызметтің басты ұстанымы»атты мақала жарияланды.
Округ қызметкерлері мен округке қарасты мекеме қызметкерлеріне 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350 «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»Кодексімен айқындалатын жаңа талаптар түсіндірілді.
Округте жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда ұсталынып, тұрғындарды қабылдау және түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. 2021 жылдың I жартыжылдығына жазбаша 32 өтініш келіп түсіп, оның 14 қанағаттандырылды, 18 түсіндірілді, яғни барлығына толықтай жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында мерзімдерінде, заңнамалар нормаларының қолданылуында, қайта шағым беру сияқты кемшіліктер орын алмаған. Сондай-ақ аудандық газетке жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде жағымсыз мақалалар жарияланбаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы декларацияны уақытылы тапсырады.
«Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.