«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1, тел.: 8(71233) 3-94-34
Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №19 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі К.Нуртаевтың 2021 жылғы 5 ақпандағы «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» №22 қаулысына сәйкес мекеменің штаттық саны – 5 бірлікті құрайды, қызмет атқаратыны –5 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:
Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрепциялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Округ әкімі аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
Округ әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша барлығы 13 өтініш, оның ішінде: 2 тұлғаға түсінік беріліп, 11 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерде орналастырылған, 3-94-34 сенім телефоны орнатылған. Округ әкімі аппаратының ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Пара алғанда, бергенде жазаланады», «Параға емес, биікке ұмтыл», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау», «Бір пара – екі қылмыс», « Болашағыңа балта шаппа» тақырыбында жадынамалар ілініп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында арнайы дайындалған аудиороликтер округке қарасты мекемелерге таратылып, ұжым ішінде талқыланды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бағытындағы округ тұрғындары арасында:«http://school.kurmangazy.atyrau.gov.kz»,«INDIGO.kz»,
«garden.kurmangazy.atyrau.e-orda.kz.ru» ақпараттық жүйелерін пайдалану қағидаттары мен осы жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін таныстыру және пайдалануын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күні бүгін аталған сайттар арқылы тұрғындар өздеріне қажетті қызмет түрлерін алып отыр. Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының хаттамасында шешім еткен мәселелер бойынша 2021 жылдың мамыр айында округ тұрғындарына мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі, олардың түрлері бойынша «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=974166063123153&id=100015893054389. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндет. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А.Мамыттың 2020 жылғы 10 қарашадағы №7-10/4789 санды хатына сәйкес, «Адал көмек» жобасын халық арасында жан-жақты ақпараттандыру мақсатында арнайы билбордтар жасақталып, округке қарасты Салауат Ханафин және Сұлтан Мұхамбетқалиев көшелеріне орнатылды.
Округ әкімінің аппараты бақылау қызметін жүзеге асырмайды.
Округ әкімі аппаратының басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.
Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Алға қарай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңейтіліп, жоспарға сай атқарылатын болады.