Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне 2021 жылдың І жартыжылдығы қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы»

Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен  жер қатынастары бөліміне  2021 жылдың  І жартыжылдығы қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы»

 

         «Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен  жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй, 8(71233) 2-01-53, факс 2-14-36.

 

Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен  жер қатынастары бөлімі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының                  2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы             № 12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

         Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы                   14 қаңтардағы №6 «Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен  жер қатынастары бөлім» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне  сәйкес бөлімнің  штатық саны – 9 бірлікті құрайды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы  бұйрығына сәйкес келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;

2) Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау;

         3) Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;

4) Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

         5) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

         6) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;

         7)  Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;

         8) Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру;

9) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

10) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

11) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

12) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу

         13)  Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және  сапасын арттыруды субсидиялау.

          14) Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.

         15) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру .

         16) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту .

        17) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру .

        18) Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыруға рұқсат беру

        19) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру .

        20) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру

          2021 жылдың І жарты жылдығы бойынша бөлімде жалпы саны – 567 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

         2021 жылдың ІІ жарты жылдығы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тартуды қортындылайтын аудандық комиссия мәжілісінің 10 отырысы өткізілді.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-01-53 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлеріне өзгерістер енуіне байланысты халыққа түсіндіру мақсатында жалпы бөлімде ауыл шаруашылығы мен  жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентінің тақтайшалары орнатылған.

Бөлімнің  басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

         Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін жыл сайын 31 наурызға дейін тапсырады.

            Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жаднамалар мекеменің көрнекті жеріне ілінген.

            Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен  жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 

 

 

Құрманғазы ауданының ауыл

шаруашылығы мен жер қатынастары

бөлімінің басшысы                                                                                Р.Сауменов

 

 

Құрманғазы ауданының ауыл

шаруашылығы мен жер қатынастары

бөлімінің бас маманы                                                                            С.Кабдолов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне 2021 жылдың І жартыжылдығы қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы»
Дата публикации
29 июля 2021