Хабар
2021 жылғы 25 шілдеде Құрманғазы ауданының 6 сайлау округі бойынша округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына, 113 – 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Құрманғазы ауданы ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде 2021 жылғы 27 шілдедегі Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімдерімен:
- Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып Әбдірахман Әлімбай Насихатұлы1963 жылы туған, Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны, ‘Nur Otan’ партиясы ұсынған тіркелді.
- Асан ауылдық округінің әкімі болып Мурзагалиев Максат Саламатович, 1989 жылы туған, Асан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Құрманғазы ауданы, Асан ауылының тұрғыны, ‘Nur Otan’ партиясы ұсынған тіркелді.
- Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып Сундетов Жаслан Андиржанович 1984 жылы туған, Байда ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған тіркелді.
- Орлы ауылдық округінің әкімі болып Бектемиров Жандос Мнафихович, 1969 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, ‘Nur Otan’партиясы ұсынған тіркелді.
- Сафон ауылдық округінің әкімі болып Камзаева Роза Шамаровна , 1963 жылы туған, Сафон ауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауданы, Сафон ауылының тұрғыны, ‘Nur Otan’ партиясы ұсынған тіркелді.
- Теңіз ауылдық округінің әкімі болып Махсутов Кайсар Еркинович, 1992 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, ‘ADAL’ саяси партиясы ұсынған тіркелді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы