2021 жылдың І жартыжылдығына
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі»
мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2, тел: 8(71233) 2-06-38
«Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы және бөлім басшысының 2021 жылғы 21 шілдедегі №26 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобы 2021 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың 21-22 шілде күндері аралығында жүргізілді.
Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы №34 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметшілер бойынша штаттық саны - 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 4 бірлік.
Жыл сайынғы еңбек демалысы 3 адамға берілді.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.
Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей бөлім басшысының атына өтініш түскен жоқ.
2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша бөлім басшысының негізгі қызмет бойынша 20 бұйрығы,жеке құрам бойынша 18 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-3, бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-12, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-7, жұмысқа алу туралы-2, жұмыстан босату туралы-1, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-13.
Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бөлімде 871233 2-06-38 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері жұбайлары мен өздерінің 250.00-нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларын мезімін тапсырып,хабарламалары аудандық персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөліміне 2021 жылдың 5 сәуірі күні №08-11-01/69 санды хатымен жолданды.
2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша прокуратура мен сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.
Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.
Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталған жоқ.