Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі 2 , тел: 8 (71233) 21555, 21562.

V.Galieva@atyrau.gov.kz

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде және бөлім басшысының 2021 жылғы 21 шілдедегі №78 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы құрылған тобы                          2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы                              23 ақпандағы №31 «Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулысымен атауы өзгертіліп және мекеменің ережесі бекітіліп, мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан қайта тіркелді 2021 жылдың 3 наурыз күні.

Құрманғазы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №7-VІІ «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы №347-VІ «Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы» шешімі және Құрманғазы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №22 «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы №361 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімге 2 бірлік штат саны лимиті қосылуына байланысты  бөлімнің штаттық саны - 7 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 1-бөлім басшысы, 1-бөлім басшысының орынбасары, 4- бас маман, 1- бас маман есепші. Бос тұрған лауазым орны 3 (1-басшы, 1-бас маман, 1- бас маман есепші). Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы                                  30 тамыздағы Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы                            23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы                            23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

-  2021 жылғы 1 шілдедегі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс;

- «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

         - 100 нақты қадам - Ұлтық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 «Автомобиль көлігі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245 «Автомобиль жолдары туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №951-ІV Бюджет Кодексі;

Бөлімнің  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                   9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы     22 маусымдағы №376 бұйрығына сәйкес бөлім арқылы 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:                                                      

1) «Жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» - өтініш түскен жоқ;                   

2) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау - 12 өтініш түсті;                                                                                                                                                  3) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» - 2 өтініш түсті;                                                                                                                                                            4) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы  кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» - өтініш түскен жоқ - өтініш түскен жоқ;                                                                                                                                 5) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есепке алу және кезекке қою, сондай- ақ жергілікті атқарушы органдарың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» -238 өтініш түсті;                                                                                                                                        6) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру» - өтініш түскен жоқ.

2021 жылы бөлім бойынша мемлекеттік қызметттер көрсетілді, көрсетілген мемлекеттік қызметтер уақытылы орындалды, мерзімдерін кешіктеріп қаралған өтініштер болған жоқ.

Бөлімге заңды тұлғадан 2 өтініш, жеке тұлғалардан 2021 жылы 1 өтініш түсті. Өтініштер толығымен зерделеніп, өтініш иелеріне нақты жауап берілді. Бөлім аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан, осының негізінде азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктері ғимарат сыртында көрнекі орынға орналастырылған.

2021 жылдың І жартыжылдығының орытындысы  бойынша бөлім басшысының 69 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-1, мем сатып алу -9, бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-2, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-31, жұмысқа алу туралы-8, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-18.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының талаптары сақталған.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 1 шілдеге дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлім бойынша 8 /71233/ 2-15-55 сенім телефоны жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Занының 71 бабының 5 тармағына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың құжаттарына жыл сайынғы тұгендеу жүргізіледі. Бұл жөнінде аудандық «Серпер» газетінде жыл сайын хабарландыру жарияланады.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал  қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Өз-өзіне қызмет қөрсету бұрыш» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің  басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
Дата публикации
22 июля 2021