2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың тіркелуі туралы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі
15 шілде 2021 жыл Құрманғазы.а.
Аудан бойынша барлығы 23 кандидат ұсынылды: олардың ішінде 7–- саяси партиялармен, 16-сы өзін-өзі ұсынғандар.
А.ж. 14 шілдесі сағат 18.00-дегі жағдаймен 22 кандидат тіркелді, олардың ішінде: 7-і саяси партиялармен, 15-і өзін-өзі ұсынғандар.
Түрлі себептермен 3 кандидат түсірілді:
1 кандидат барлық тиісті құжаттарды оның ішінде сайлау жарналарын енгізбегені үшін.
2 кандидатты тіркеу туралы шешімдердің күші өздерінің өтініштеріне сәйкес жойылды.
Орташа бәсекелестік 3,3 құрады.
Барлық тіркелген кандидаттар тіркеу куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді.
Тіркелгендердің ішінде 13-і ерлер немесе 65 %, 17-і әйелдер немесе 35 %.
Барлық кандидаттарда жоғары білім бар.
Мамандықтары бойынша: 12 мұғалімдер, 1 заңгерлер, 4 экономистер, ауылшаруашылығы мамандары – 1, басқалар – 2.
Мемлекеттік қызметшілер - 6, бюджеттік сала қызметкерлері –13, уақытша жұмыс жасамайтындар – 1.
Орташа жас – 44 құрайды.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлар аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелері мен жергілікті баспа БАҚ-да жарияланды.
4 сайлау округінде – 3 кандидаттан, 2-інде – 4 кандидаттан бар.
5 сайлау округінде 1 саяси партия тіркелген.
Ұсыну мен тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 8/71233/20942 интернет-сайт: kurmangazy.gov.kz
tic_atr_kur@saylau.kz, kurmangazy.tik@mail.kz