2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың ұсынылуы туралы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі
10 шілде 2021 жыл Құрманғазы а.
2021 жылдың 9 шілдесі сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша 6 сайлау округі бойынша 23 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 7-і (30%) – саяси партиялармен, 16-ы (70%) – өзін-өзі ұсынғандар.
Саяси партиялар 6 округ бойынша кандидаттар ұсынды: оның ішінде «Nur Otan» – 4кандидат, «Ауыл» ХДПП – 0 кандидат, «Ақ жол» ҚДП – 0, «ADAL» саяси партиясы – 1, ҚХП – 2 кандидат, ЖСДП – 0 кандидат.
Орташа бәсекелестік 4 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың белгіленген заңнамаларға сәкестігін анықтау және оларды тіркеу шаралары жүруде, бұл шаралар 2021 жылғы14 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады.
А.ж. 10 шілдесіндегі жағдаймен 18 кандидат тіркелді (78%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы ресми ақпараттар БАҚ-да жарияланатын болады.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 20942, 8-701-334-73-28
интернет-сайт:kurmangaz.tik@mail.ru