Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Құрманғазы ауданы  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидат болып

2021 жылғы 2  шілдеде :

  1. Бектемиров Жандос Мнафихович («Nur Otan» партиясы ұсынуымен ) Орлы ауылдық округіне;
  2. Әбдірахман Әлімбай Насихатұлы («Nur Otan» партиясы ұсынуымен) Ақкөл ауылдық округіне;
  3. Мурзагалиев Максат Саламатович («Nur Otan»партиясы ұсынуымен) Асан ауылдық округіне;
  4. Камзаева Роза Шамарова («Nur Otan» партиясы ұсынуымен) Сафон ауылдық округіне;
  5. Махсутов Кайсар Еркинович («ADAL» Саяси партиясы ұсынуымен) Теңіз ауылдық округіне құжаттары ұсынылды;

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданының Ақкөл, Асан,  Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерін сайлауға кандидаттардың  «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Құрманғазы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізужөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
02 июля 2021