Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Құрманғазы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге Құрманғазы ауданының:
- Ақкөл ауылдық округі әкімінің;
- Асан ауылдық округі әкімінің;
- Кудряшов ауылдық округі әкімінің;
- Орлы ауылдық округі әкімінің;
- Сафон ауылдық округі әкімінің;
- Теңіз ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Құрманғазы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Serper» газетінде жариялансын.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Бралиев
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Г.Рахметуллина
Құрманғазы ауылы,
2021 жылғы 25 маусым
№05