2020 жыл бойынша Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

2020 жыл   бойынша  Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау   ауылдық округ әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі

 

Нұржау ауылы  Аспенбетов көшесі 1, тел:87123338339, 87123338340, 2020 жылы Нұржау  ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі туралы

Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша Нұржау ауылдық округ әкімінің аппаратында «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі көрсетіледі. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі бойынша жыл ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 11 өтініш келіп түсіп, 3-уі қанағаттандырылды,                   8-і түсіндірілді .  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -1 –еу түсіп, 1-уі қанағаттандырылды.

       Әкімшілік ғимаратында қызмет алушыларға көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы стандарты мен регламенті  көрсетілген стенд орнатылған.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері және   «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы»   орнатылған.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жыл бойынша Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Дата публикации
08 июня 2021