2021 жылғы мамыр айында Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бойынша Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің
ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 502 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, (2020 жылдың қаңтар-мамыр айында -447 өтініш) 55-ға артып отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені– 173 (2020 жылғы 5 айында – 146 ). Қайталама өтініш саны-3.
2021 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): облыс әкімі аппаратынан-2, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -5 өтініш, электронды үкімет порталынан - 26 өтініш түсіп тіркелді. «Нұр Отан» партиясынан өтініш түскен жоқ. Аудан әкімінің блогына да өтініштер түскен жоқ.
А.ж қаңтар-мамыр айларында қаралғаны- барлығы 502 (түрлері бойынша 460- өтініш, 5- шағым, 37- басқалары) 202-не заң шеңберінде тиісті түсінік берілді, 77 өтініш қаралуда.
Оң шешілгені - 220. Соның ішінде, шешілгендердің 180-жер, 2-әлеуметтік, 5- коммуналдық, 2- кәсіпкерлік, 1-жұмыспен қамту, 21-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.
Жеке және заңды тұлғалардан а.ж 5 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 21, коммуналдық-шаруашылық- 17, еңбек және жұмыспен қамту -3, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 7, білім және оқу ақысын төлеу –3, жер және жерді пайдалану – 364, денсаулық сақтау - 1, кәсіпкерлік - 6, құрылыс - 5, ауыл шаруашылығы – 2, ономастика-1, басқа да мәселелер- 72.
Есептік кезеңде аудан әкімімен барлығы 5 қабылдау өткізіліп, 15 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 14 азаматтың мәселесі (тұрғын үй мәселесі, коммуналдық шаруашылық және т.б мәселелер) бойынша заң шеңберінде түсінік берілді, 1 тұрғынның мәселесі оң шешілді.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның Серпер баспасөз бетіне жарияланады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының талаптарын сақталуы бойынша жұмыстар үнемі бақылауда болады.