Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшылары 7 миллионнан астам қызмет алды

Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшылары 7 миллионнан астам қызмет алды

 

Бірыңғайжинақтаушызейнетақықоры 2021 жылдыңбасынанбастап 01.01.2021-01.03.2021 аралығындағыкезеңдеөзсалымшыларына 7,2 миллион қызметкөрсетті. Бұлөткен 2020 жылдыңсәйкескезеңіменсалыстырғанда 2,2 есекөп. Айта кету керек, өсімэлектрондыққызметтербойынша да, БЖЗҚ филиалдарындатікелейкөрсетілгенқызметтербойынша да болды.

ВиртуалдыкеңістіктеҚордың 6,6 миллион қызметікөрсетілді, бұлкөрсетілгенқызметтердіңжалпыкөлемінің 91,8% құрайды. Өткенжылменсалыстырғанда онлайн қызметтердіңтанымалдығыүшесеөсті. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтында да, мобильдіқосымшасында да бар жекекабинеттіңкөмегіменсалымшыларүйденшықпай-ақжекезейнетақышотынанүзінді-көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғытуралыанықтама ала алады. Зейнетақы жинақтарының сомасын ішінара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшін тексеріп, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру және тағы да басқа көптеген қызметтерді ала алады.

Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша Қазақстан бойынша орналасқан біздің филиалдарымызға өтініш білдіреді. 1 наурыздағы жағдай бойынша салымшылар БЖЗҚ бөлімшелерінде 581,8 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 37,8 мың қызметке (немесе 6,9% - ға) артық.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2021 жылдың алғашқы екі айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда үш есеге артты. 2021 жылғы 1 наурызға 461,9 мың өтініш, ал 2020 жылғы 1 наурызға 146,8 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестерді www.enpf.kzкорпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшылары 7 миллионнан астам қызмет алды
Дата публикации
09 апреля 2021