Өз үйіңізде «МИБ» немесе «ЖС» қалай құруға болады
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Заңының негізгі принципі: «бір үй», «бір басқарма», «бір есеп».
Көпқабатты үй тұрғындары кондоминиум нысандарын басқарудың бір формасын таңдауға міндетті: мүлік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым көппәтерлі тұрғын үй серіктестігі.
МИБ пен ЖС құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай, тіркейді.
«Жай серіктестік тұлға бола алмайды, оны тіркеудің керегі жоқ. Алайда, жай серіктестікті құру үшін жиынға мүлік иелерінің 100 пайызы қатысуы керек. Олар қарапайым сенімхат жазуға міндетті. Мысалы, тұрғын үйде 30 пәтер болса, онда 30 мүлік иесі бір адамға сенеді. 100 пайыз адамды жинау өте қиын. Сондықтан шағын үйлер жай серіктестік құра алады. Ал мүлік иелері бірлестігі (МИБ-ОСИ) заңды тұлға болып саналады. Оларға салық салынып, келісім шарт жасалады.
Меншік иелері көппәтерлі тұрғын үйді толық басқару үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамын және әр пәтер иесінің үлесін анықтай отырып, тіркеу қажет. Көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары ортақ мүлікке назар аударып, ұқыпты қарауы тиіс. Ал, бұл кезегінде тұрғын үй қорын сақтап қалуға мүмкіндік береді. МИБ немесе ЖС құру үшін не істеу кажет:
-МИБ немесе ЖС құру
-Меншік иелері арасынан МИБ төрағасын немесе ЖС-нің уәкілетті өкілін сайлау (1 жыл мерзімге)
-Үй иелерін кемінде 3 адамнан тұратын үй кеңесіне сайлау (3 жыл мерзімге)
-МИБ жарғысын бекіту немесе аудиторды сайлау (3 жыл мерзімге)
-МИБ жарғысын бекіту немесе типтік жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру
-ЖС қалыптасқан жағдайда бірлескен қызмет туралы келісім жасасу. Басқару нысанын-қарапайым серікті таңдағанда, әр меншік иесі ЖС-мен бірлескен қызметі туралы шарт жасасуы және үйді басқару үшін таңдалған ЖС-ның сенімхатына қарапайым жазбаша сенімхат беруі керек.
Жалпы алғанда, жаңа заң көп пәтерлі үйлерді күтіп-ұстауды жақсартуға, мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін жаңа деңгейге көтеруге, пәтерлер мен тұрғын емес үй жайлар иелерін ортақ мүлікті басқаруға және туындайтын мәселелерді шешуге белсене атсалысуға ынталандыруы тиіс.
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі