Тұрғын үй комиссиясының атқарған жұмыстары
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылдан аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы жұмыс жасап келеді.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №255 «Тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысы негізінде тұрғын үй комиссиясының құрамы өзгертіліп, ережесі бекітіліп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй мәселелері бойынша жұмысшы орган болып бекітілді.
Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді беру туралы шешімдерін шығару және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.
Бөлім тарапынан «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар:
1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есепке алу және кезекке қою, сондай- ақ жергілікті атқарушы органдарың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»;
2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру».
Аталған қызмет аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Nur-baspana электрондық жүйесінің «ПЭП» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Атап кететін жай, аталған қызмет осыған дейін қағаз жүзінде көрсетілсе, қазіргі уақытта тек электрондық портал арқылы көрсетіліп келеді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71 бабының 5 тармағына сәйкес, тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізіліп келеді. Мақсаты тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегін, құжаттарын түгендеу. Жыл сайын 1 сәуірге дейін аудандық «Серпер» газетінде түгендеу жүргізілетіндігі және тиісті құжаттарды тапсыру қажеттілігі туралы хабарлама беріліп, түсіндіру жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді.
Түгендеу қорытындысы бойынша 2020 жылы аудандық тұрғын үй комиссиясының 5 отырысы өтті (9.07.2020ж., 5.08.2020ж., 14.08.2020ж., 8.10.2020ж., 18.11.2020ж.) Комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес, 2020 жылы тұрғын үймен төмендегі санаттар бойынша азаматтарға пәтермен қамтамасыз етілді (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар 21 адам, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар-14 адам, жетім балалар және ата-ана қараусыз қалған балалар, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасқа толмай ата-анасыз қалған балалар -7 адам, көп балалы отбасы-8 адам, жалғыз тұрғын үйлері авариялық жағдайда деп танылған-1 адам.
2020 жылдың жағдайымен аудан бойынша 936 адам (отбасы) тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде:
Әлеуметтік осал топ – 417;
Көп балалы отбасы – 131;
Бюджет сала қызметкерлері – 239;
Жалғыз тұрғын үйлері авариялық жағдайда деп танылған – 10;
Жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 139.
2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 7 адам жолдама алып, 4 адам тұрғын үй сатып алды. Оның ішінде, көп балалалы отбасы 1 адам, әлеуметтік осал топтан 3 адам.
Сонымен қатар, Кадырка ауылындағы Астана көшесі 22 үй мекен жайы бойынша орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үйдін қоныстанушылардың тізімідері жасақталып, тұрғын үйге қоныстану жөнінде тұрғын үй комиссиясының шешімдері шығарылды.
Биылғы жылы Еңбекші ауылдық округіне қарасты, Кадырка ауылында 3 қатарлы 60 пәтерлік үшінші тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың сәуір айында аяқталып пайдалануға беріледі. Осыған байланысты, аудан тұрғындары тарапынан, тұрғын үй кезегіне тіркелу бағытындағы өтініштер саны көбеюде.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерді, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «электронды үкімет» порталында тізімдері жарияланады. Әр азамат өзінің электрондық қолтанба кілті бойынша «Е.gov» сайты арқылы өзіне қажетті мәліметін ала-алады.