Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мм 2020 жылы (өсу есебімен) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы төмендегіше қызмет түрлері көрсетіледі.
1) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру- 5
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0
3) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-10
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.Мерзімінен кешіктіріліп көрсетілген қызметтер болған жоқ.
Соңымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.
2020 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер қағидаларының ақпараттық стенділері орнатылған.
Соңымен бірге, электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратында ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы «Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 362 қызмет көрсетілсе, 96 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алды.
Кесте:
|
р/с |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы |
Көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру |
87 |
|
2 |
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру |
92 |
|
3 |
Наркологиялық ұйымнан анықтама беру |
93 |
|
4 |
Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру |
78 |
|
5 |
Зейнетақы аударымы анықтамасы |
12 |
|
Барлығы |
362 |
|
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
«Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты» ММ
округ әкімі О.Азимов