«Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!
«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты - мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау және қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Конкурс мынадай номинациялар бойынша жүргізіледі:
1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:
- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;
- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.
Егер де қатысуға ниетті талапкерлер болса, 8 (71233) 2-51-29 телефоны арқылы толық мәлімет алуға мүмкіндігі бар.