VII шақырылым Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы Хабарлама

VII шақырылым Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттарының

кезекті сайлауының қорытындылары туралы

Хабарлама

 2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 36163 сайлаушы енгізіліп, олардың 26701 немесе 73,84 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 26386 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 25 сайлаушыдауыс берді, дауыс беруге арналғанүй-жайдан тыс жерде 781 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы - 20623 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,79% - ын құрайды;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1830 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,08%;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -1840 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,12% ;

«ADAL» саяси партиясы – 1554 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,01%.

Дауыс  беруге  қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленді:

«Nur Otan» Партиясы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы.

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 11 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -1 мандат.

  Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 

VII шақырылым Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы Хабарлама
Дата публикации
23 февраля 2021