Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хаттамасымен
бекітілген
№ 1
«12» қаңтар 2021 жыл
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрманғазы ауылдық округі
Құрманғазы ауданы Атырау облысы
2021-2023 жылдарға
Әзірлеуші: «Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
|
Бағдарламаның атауы |
2021-2023 жылдарға арналған Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округін дамыту бағдарламасы |
|
Құрманғазы ауылдық округінің негізгі сипаттамалары |
Құрманғазы ауылдық округі (1993 жылдан 2018 жылға дейін бұрынғы Ганюшкин ауылдық округі) Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №40 және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №197-VI «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулы және шешімімен Құрманғазы ауылдық округі аталды. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны-15465 адам. Ауылдық округтің құрамына аудан орталығы-Құрманғазы ауылы кіреді, облыс орталығы-Атырау қаласы 250 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округтің жалпы жер аумағы - 9895 гектар. Құрманғазы ауылдық округінің аумағында жергiлiктi қоғамдастық жиналысына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны әр ауылдың, көшенің, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының 80 (сексен) жергілікті қоғамдастық мүшелерінен бір өкіл құрамында айқындалып, бекітілді. 2015 жылдың 3 желтоқсанында қоғамдастықтың алғашқы жиналысы өткізіліп, бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарының шешіміне сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарынан 15 (он бес) өкiл сайланды. |
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2021-2023 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы аудан орталығы - Құрманғазы ауылының тұрғындары үшін тұрмысқа қолайлы жағдай туғызу үшін көзделген. 2021 жылдың 1 қаңтарында халық саны-15465 адамды құрады.
Округ бойынша 3 ЖШС, 92 шаруа қожалығы, 1455 жеке кәсіпкер тіркелген.
Округ бойынша 2020 жылы жаңадан 13 нысан іске қосылып, жалпы шағын және орта бизнес саласының нысандары 304 бірлікті құрады. Оның ішінде: қоғамдық тамақтандыру орындары-25, халыққа қызмет көрсету нысандары-206, сауда дүкендері-63, сауда үйлері-7, базарлар-3.
Атырау-Астрахань тас жолының бойынан қонақ үй, автотұрақ, көлік жуу орындары бар кемпинг ашып, жұмыс жасауда.
Үкіметтің «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2020 жылы 17 адамға - 81 000,0 мың теңге несие берілді.
2020 жылы «Еңбек» бағдарламасының аясында 42 адам 22 829,0 мың теңгенің грантына ие болды.
Округ бойынша 2020 жылы«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 20 адам - 82 400,0 мың теңгенің несиелерін алды.
Мал шаруашылығы бойынша барлығы 20 шаруа қожалығына - 54 667,0 мың теңге субсидия төленді, оның ішінде мүйізді ірі қараға – 22 150,0 мың теңге, қой малына – 5 276,0 мың теңге, ірі сабақты мал азығына-26 000,0 мың теңге төленді.
Құрманғазы ауылын «Астрахань-Мангышлак» су магистралына қосу жұмысы бойынша келісім шарттың құны-459 944,0 мың теңге. Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмысы 2019 жылы басталды, аяқталу мерзімі-2021 жылдың бірінші жартысы.
«Ауыл-ел бесігі» жобасының аясында Құрманғазы ауылының 12 көшесінің көше жарығы құрылысына - 106 187,0 (жүз алты миллион бір жүз сексен жеті мың) теңге жоспарланып, жұмыстар түгел атқарылып, қаржы толықтай игерілді. Көше жарығының құрылысы жүргізілген көшелердің нақты саны-14, жалпы ұзындығы-7,41шақырым. Қосымша Ақансері және Д.Айтжанов атындағы көшелерге көше жарығына қосылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аудан орталығындағы Құрылысшы елді мекеніне балалардың ойын алаңы орнатылып, іске қосылды, жаратылған қаржы көлемі- 5 477,0 мың теңге.
Көше жарығын күтіп ұстау шығындарына жергілікті бюджеттен 17 000,0 мың теңге жоспарланса, ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20 920,0 мың теңге қаржы жоспарланып, толықтай игерілді.
Бұзауслан елді мекеніндегі жазғы су айдау станциясының құжаттары жасақталып, рәсімдеуге 176 000 теңге қаржы жұмсалды.
Ауыл сыртына жасыл желектер отырғызу үшін 1,2 гектар жердің құжаты жасақталып, рәсімдеуге 210 000 теңге қаржы жұмсалды.
Ауылішілік жолаушылар тасымалы бойынша «Авто-Мобиль» ЖШС жеңімпаз атанып, қазіргі уақытта Құрылысшы-Аудандық емхана және РТС-Аудандық емхана бағыттары бойынша тұрғындарды тасымалдауда, облыстық мәслихат шешімімен бекітілген тариф бағасы-50 теңге.
Ауылдық округ бойынша жергілікті бюджеттен тазалық жұмысына-28 757,0 мың теңге жоспарланып, толықтай игерілді.
Жыл ішінде ақылы қоғамдық көше тазалық жұмысына 93 адам тартылды.
Жыл ішінде 3 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, оған 11 техника, 400 адам қатысты, 75 тонна қоқыс ауыл сыртындағы алаңға жеткізілді.
Құрманғазы ауылын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 10 765,0 (он миллион жеті жүз алпыс бес мың теңге) жоспарланып, толықтай игерілді.
Құрманғазы ауылдық округі бойынша автобуспен 101 бала тасымалданады.
Тифлотехникалық құралдармен 23, кресло арбамен 9 мүгедек, санаторлық курорттық емдеумен 8 адам қамтылып, протез ортопедиалық көмекті 31 адам алды. Сурдотехникалық құралдармен 6 адам, міндетті гигиеналық құралдармен 67 адам қамтылды.
Округ бойынша 8 әлеуметтік қызметкерлер 17 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 17 жалғызбасты қарияларды қамтып отыр.
Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 9 түрінен (бокс, еркін күрес, қазақ күресі, таеквондо, футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, дзюдо) 513 оқушы спорттық шеберліктерін шыңдау үстінде, ондағы жаттықтырушылар саны-20. Округте 1 спорт нұсқаушысы қызмет етеді.
|
«КЕЛІСІЛДІ» Құрманғазы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықтың хаттамасымен «12» қаңтар 2021 ж.
|
|
«БЕКІТІЛДІ» Құрманғазы ауылдық округ әкімі А.Муса «12» қаңтар 2021 ж.
|
Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі бойынша
жергілікті қоғамдастықтың 2021-2023 жылдарға арналған
даму бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме: |
- |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекуеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-1 және 39-3 баптары
|
|
Бағдарламаны әзірлеуші: |
- |
Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппараты
|
|
Бағдарламаның мақсаты:
|
- |
Елді-мекендердегі аумақтың ұтымды ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
- |
Тұрғындар арасында жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін және сауаттылық деңгейінің артуы, әкімшілік басқару органдарының алдарына қойылған міндеттердің орындалысын қадағалау және жиындар арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлінің артуы |
|
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Өлшем бірлігі |
Ағымдағы жылға көлемі |
Орындалу мерзімдері |
Оның ішінде жылдар бойынша (мың теңге) |
|||
|
2021 |
2022 |
2023 |
||||||
|
I. Ауылдық округ бюджетінің атқарылуы |
||||||||
|
1 |
Ауылдық округ бюджеттеріне жоспарланған салықтың орындалысына қол жеткізуді қамтамасыз ету |
мың, теңге |
50150,0 |
|
50150,0 |
59500 |
59500 |
|
|
2 |
Ауылдық округ бюджетінің бюджеттік бағдарламада жоспарланған қаржының тиімді, толық игерілуін қамтамасыз ету |
мың, теңге |
137687 |
|
137687 |
117986 |
117986 |
|
|
II. Ауыл шаруашылығын дамыту |
||||||||
|
1 |
Егіс көлемін ұлғайту |
га |
22,6 |
|
22,6 |
23 |
23 |
|
|
2 |
Тамшылатып суару технологиясы қолданылатын егіс көлемін ұлғайту |
га |
22,6 |
|
22,6 |
23 |
23 |
|
|
III. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы |
||||||||
|
1 |
Ашылатын кәсіпкерлік нысандары |
саны |
15 |
|
15 |
20 |
20 |
|
|
2 |
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау |
жиын өткізу |
4 |
|
4 |
4 |
4 |
|
|
IV. Білім беру саласы |
||||||||
|
1 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, бала бақшаларға бүлдіршіндерді орналастыру |
бала саны |
1700 |
|
1700 |
1750 |
1750 |
|
|
2 |
Мектеп оқушыларының демалыс уақыттарында сауықтыру орындарына демалысын ұйымдастыру |
оқушылар саны |
70 |
|
70 |
100 |
150 |
|
|
3 |
Әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың мектеп оқушыларын тегін ыссы тамақпен қамтамасыз ету |
оқушылар саны |
260 |
|
260 |
240 |
240 |
|
|
4 |
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілер арасында білім беру бағдарламаларын табысты деңгейдегі меңгерген оқушылар үлесінің артуы |
пайыз |
5 |
|
5 |
10 |
15 |
|
|
5 |
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуының артуы |
пайыз |
3 |
|
3 |
5 |
5 |
|
|
V. Денсаулық сақтау саласы |
||||||||
|
1 |
Тұрғындардың жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстарын ұйымдастыру |
адам саны |
300 |
|
300 |
500 |
500 |
|
|
2 |
Тұрғындарды жас ерекшелігіне қарай скринингтік тексерулерден өткізуді ұйымдастыру |
адам саны |
500 |
|
500 |
700 |
700 |
|
|
3 |
Тұрғындарды өкпе ауруларының алдын алу мақсатында флюорографиялық тексеруден өткізуді ұйымдастыру |
адам саны |
6000 |
|
6000 |
6500 |
6500 |
|
|
4 |
Т.б. шаралар |
|
|
|
|
|
|
|
|
VI. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау |
||||||||
|
1 |
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту |
адам саны |
90 |
|
90 |
70 |
50 |
|
|
2 |
Жастар тәжірибесін ұйымдастыру |
адам саны |
20 |
|
20 |
30 |
30 |
|
|
3 |
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу |
адам саны |
8 |
|
8 |
12 |
12 |
|
|
4 |
Жұмыссыздарды кәсіби оқу, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына жіберу |
адам саны |
24 |
|
24 |
30 |
30 |
|
|
5 |
Жаңа жұмыс орындарын ашу |
адам саны |
15 |
|
15 |
20 |
20 |
|
|
6 |
Кедейлік деңгейін төмендету |
адам саны |
35 |
|
35 |
40 |
40 |
|
|
7 |
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастыру |
адам саны |
3 |
|
3 |
5 |
5 |
|
|
8 |
Қарттарды және мүгедектерді әлеуметтік қорғау |
адам саны |
760 |
|
760 |
763 |
765 |
|
|
VII. Мәдениет және спорт саласы |
||||||||
|
1 |
1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа санын арттыру |
Пайыз |
5 |
|
5 |
7 |
7 |
|
|
2 |
Мерекелерге арнайы концерттік шаралар ұйымдастыру |
саны |
20 |
|
20 |
20 |
20 |
|
|
3 |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шаралар ұйымдастыру |
саны |
6 |
|
6 |
6 |
6 |
|
|
4 |
Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайту |
мың, теңге |
0 |
|
0 |
200 |
200 |
|
|
5 |
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың санын арттыру; |
адам саны, жалпы үлесі, пайыз |
350
5,0 |
|
350
5,0 |
420
6,0 |
420
6,0 |
|
|
6 |
Жалпы білім беретін мектептер оқушыларымен сыныптан тыс және мектептен тыс секциялық жұмыстарды жандандыру |
адам саны |
1000 |
|
1000 |
1000 |
1000 |
|
|
VIII. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту |
||||||||
|
1 |
«Шипажай» инженерлік коммуникациялық инфрақұрылы-мын жүргізу
|
мың теңге |
80 000,0 |
|
80 000,0 |
0 |
0 |
|
|
2 |
«Бұзауслан» елді мекеніне жаяу көпір құрылысын салуу |
мың теңге |
124 000,0 |
|
124 000,0 |
0 |
0 |
|
|
3 |
Құрманғазы ауылын «Астрахань-Мангышлак» топтық су құбырына қосу жұмыстарын аяқтау |
мың теңге |
01.07.2021ж |
|
01.07.2021ж |
0 |
0 |
|
|
IX. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық |
||||||||
|
1 |
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
мың теңге |
19 000.0 |
|
19 000,0 |
22 000,0 |
22 000,0 |
|
|
2 |
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
мың теңге |
16 013,0 |
|
16 013,0 |
17 000,0 |
17 000,0 |
|
|
3 |
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
мың теңге |
7 500,0 |
|
7 500,0 |
11400,0 |
11400,0 |
|
|
X. Көлік және коммуникация |
||||||||
|
1 |
Автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету |
мың, теңге |
17500,0 |
|
17 500,0 |
19500,0 |
19 500,0 |
|
|
XI. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы |
||||||||
|
2 |
Құрманғазы ауылының көшелерін жарықтандыру |
мың, теңге |
11 868,0 |
|
11 868,0 |
11868,0 |
11868,0 |
|
|
XII. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп |
||||||||
|
1 |
Құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын-алу бойынша шаралар ұйымдастыру |
саны |
12 |
|
12 |
12 |
12 |
|
|
2 |
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар санын азайту бағытында шаралар қабылдау |
саны |
12 |
|
12 |
12 |
12 |
|
Дайындаған: К.Ихсанов
Тел:8 (71233) 2-14-62