Мақаш ауылдық округ әкімінің аппаратына 2020 жылдың IІ жартыжылдығы қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы «Мақаш ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Мақаш ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Алға ауылы, Сибағат ата көшесі, 31 А үй, 8(71233) 3-31-41, факс 3-31-42. эл.почта: makash_so@mail.ru
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына орай, 2020 жылдың ІІ жартыжылдықтың қортындысымен «Мақаш ауылдық округ әкімінің аппаратына» сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың 11-13 қаңтар аралығында жүргізілді.
«Мақаш ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді. Округ ғимаратының дәлізінде «Сенім жәшігі» орналасқан. Әр ай сайын «сенім жәшігіне» түскен арыз-шағымдардың бар не жоқ екендігі тексеріліп отырады. Сонымен қатар округте сенім телефоны (3-31-42) жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиісті баннерлер орталық көшелерге орналастырылған. Округке қарасты барлық мекеме ғимараттары мен азық-түлік дүкендеріне «Адал көмек», сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда «1424» колл орталыққа хабарласуға болатыны туралы, «Адал жүріп, адал тұр» атты жадынамалар ілінген. Сондай-ақ, «Атырау адалдық алаңы» туралы қажетті деректер округ ғимаратының көрнекі жерінде ілінген.
2020 жылдың 29 қазан күні Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отыра дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметшілерінің штат саны – 15, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 5, келісім шарт негізінде қабылданған қызметкерлер саны – 10 бірлікті құрайды. Округ әкімінің өкімімен мемлекеттік қызметшілердің және жеке еңбек шарты негізінде қызмет атқаратын қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезекшілік кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес еңбек демалыстары беріліп келеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабына сай көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде толық және анық ақпарат ұсынады. Осы талапқа сәйкес Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері көрнекі орынға орналастырылған.
Округте жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда ұсталынып, тұрғындарды қабылдау және түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. 2020 жылдың IІ жартыжылдығына жазбаша 43 өтініш келіп түсіп, оның 17 қанағаттандырылды, 26 түсіндірілді, яғни барлығына толықтай жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында мерзімдерінде, заңнамалар нормаларының қолданылуында, қайта шағым беру сияқты кемшіліктер орын алмаған. Сондай-ақ аудандық газетке жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде жағымсыз мақалалар жарияланбаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы декларацияны уақытылы тапсырады.
«Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.