Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

 

  1. Кіріспе.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

«Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Жеке/заңды тұлға/ электронды поштаның мекен жайы/ телефон номірі

«Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Kirov_akimat@mail.ru  , Хиуаз ауылы, Егемен Қазақстан көшесі  22а тел. 87123334275

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 06 қаңтар 2021, аяқталды 13қаңтар 2021 жыл.
  2. Бақыланатын кезең: 2020 жыл шілде – желтоқсан айларының қызметі.
  3. Ақпараттық- талдамалық бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

      Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты  Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының                                   7- 8- бабтарының және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 03 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады.

               Жаңаталап ауылдық округі өз қызметін атқаруда:

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                                           № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы»;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы                                        № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

-  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі;

 

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  Еңбек Кодексі;

-Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы                                    № 221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

         «Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер саны-7, нақты жұмыс жасайтындар саны -6, бос орын-1.

         «Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отыр.

Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

         Округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

               Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 1(бір) түрін көрсетеді:

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну. Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы 57 қызмет көрсетілді.

 2020 жылдың II жартыжылдығында шыққан өкім саны -64, шешім саны-17.

Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппараты жеке/заңды тұлғалардан             2020 жылдың II жартыжылдығында 10 өтініш келіп түсіп, 3 жеке тұлғаның өтінішіне түсінік беріліп, 7 өтініш қанағаттандырылды. 

Жаңаталап ауылдық округ әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және оны болдырмауға бағытталған шаралар үнемі бақылауда ұсталып, жұмыс жүргізілуде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша халыққа ашықтықты қамтамасыз ету, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері стенд түрінде округте дәлізінде ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы жадынамалар  ұжымдар арасында, халық арасында насихатталып, жадынамалар таратылып, халық көп шоғырланатын жерлерге орналастырылып отыр. Жер пайдалану саласында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауда болады.

Ағымдағы қазан, желтоқсан айларында аудандық «Серпер» баспасөзіне  «Жемқорлыққа жез ноқта», «Билікпен арадағы алтын көпір» атты мақалалар жарияланды.

 Мекемеге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама
Дата публикации
24 января 2021