Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «27» маусым №174
қаулысымен бекітілген қосымша
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесінің Ережесі
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) құрылыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылыс және қайта жаңғырту саласында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру болып табылады.
1) ауданда мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу және ауданды әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту мақсатында ағымдағы және перспектива мәселесін шешуге бағытталған құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру;
2) жоба-жоспарының құжаттарын, аудан құрылысына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу;
3) аудан аумағында жобалау, қайта жаңарту, жаңғырту, түбірлі жөндеу жүргізу, реттейтін нормалар мен ережелерді дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;
4) аяқталған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы тұрғынды-азаматтық құрылыс нысандарын қабылдауға қатысу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру.
1) мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;
2) бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру;
3) бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
5) бөлімге қатысты жұмыстары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;
6) құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;
7) құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық талаптар алу;
8) қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;
9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
10) бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;
11) бөлімде гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;
12) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңдылыққа қайшы келмейтін, бөлім туралы ережесімен анықталған басқада қызметтерді орындау;
13) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу туралы халыққа хабарлап отыру.
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;
9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған кезде дереу аудан әкімінің аппаратына хабарлайды;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату