Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___» ___________
№_____ қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Құрманғазы ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
Егер «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асырады.
1) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, автомобиль жолдары қызметтері салаларында мемлекет саясатын жүргізу;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтер туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді атқару.
- аудан аумағын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектік міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жоспарлау;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;
- құрылыс салуға, тұрғын үй құрылысын салуға, тұрғын үй–коммуналдық және жол шаруашылығына бағытталатын мемлекеттік қаражатты бөлу және құрылыс жүргізу үрдісін мемлекеттік реттеуге қатысу;
- аудан аумағында күзгі - қысқы маусымға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
- аудан аумағында газдендіру және электрмен қамту жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
- мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес аудандық маңыздағы жолдардың құрылысын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;
- автомобильмен жолаушылар тасымалының тұрақты ауданішілік маршруттарының тізілімін жүргізу;
- аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;
- жалпы пайдаланылатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын, тиісті аумақтар шегінде елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- коммуналдық меншікте тұрған жолдар мен коммуналдық жол кәсіпорындарын басқару, сондай-ақ оларды қаржыландыру бойынша жергілікті бюджет баптарын орындауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасауды жүзеге асыру;
- көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қатысу;
- аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындаған жол жұмыстарының сапасын бақылау мен қабылдауды жүзеге асыру;
- мекеменің қызметі шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
- жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барысында нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін келісім–шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту;
- жолдың көліктік пайдалану сапасының төмендеуін болдырмау, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен қызмет көрсету және жарнама нысандарын орнату үшін шарттық негіздерде жол органдары пайдаланбайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдардың кесінді жолақтарында орналасқан жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімге жер пайдалану құқығын беруге келісуді қамтамасыз ету;
- заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желілеріне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;
- тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім-шарттар жасау және келісу;
- жолаушылар тасымалы қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- ауданішілік қатынаста жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасы мен жол қозғалысын ұйымдастыру жобасын әзірлеу;
- мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
- тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алуды жүргізу;
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жекешелендіруді жүзеге асыру;
- аудандық тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және комиссия отырысына құжаттарды уақытылы және толықтай ұсынуды қамтамасыз ету;
- көппәтерлі тұрғын үйде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;
- тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын реттеу, бақылау және есепке алудың ортақ құралдарының болуын бақылау;
- тұрғын үй қоры мен көппәтерлі үйлердегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкінде жылу, энергоресурстар мен судың тиімді пайдалануын бақылау;
- анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамаларды орындауды қадағалау;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасын мемлекеттік бақылау.
17.1 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ведомствосының функциялары:
- қызмет арқылы су беру таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау;
- жылу энергиясын өндіру, беру және тарату қызметі.
1) тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының техникалық жай - күйіне, аумақтардың абаттандырылуы мен безендірілуіне, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру;
2) барлық тұрғын үйлерде, азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік және коммуналдық құрылыс пен қайта жаңарту объектілеріне, сондай-ақ олардың ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарын шығаратын аудан аумағында тұрған кәсіпорындарда бөгеусіз болу;
3) мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпаратты, олардың меншік нысанасына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің ұйымдарды лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан сұратып алу;
4) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс қимыл жасауға;
5) қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес жөндеу, құрылыс және жұмыстардың басқа да түрлерінің одан әрі жүргізілуін тоқтата тұру;
6) өз құзыреті шегінде тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде жұмыстар жүргізу;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;
8) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге.
3-тарау. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;
9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге тікелей жауапкершілікте болады;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23 Басшы өзінің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Мемлекеттік органның өзара қатынастар және жұмыс тәртібі.
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. Мекеме мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), мекеме мен құрылтайшының, тиісті саланның уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады.