|
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ |
АКИМАТ КУРМАНГАЗИНСКОГО РАЙОНА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|
ҚАУЛЫ |
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
2026 жылғы 1 қазан № 175
Құрманғазы ауылы
село Курмангазы
Аудандық бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабы, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағы
3) тармақшасына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкке ұсынуды;
2) осы қаулы жарияланғаннан кейін оның Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы М.Хасанов
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «01» қазандағы
№ 175 қаулысына қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Осы аудандық бюджет қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы
3) тармақшасының негізінде әзірленді және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыруүстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2-тарау.Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу шарттары
4.Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.
5.Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
6.Ынталандыру үстемақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндітерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзіреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгілеуі мүмкін;
8) үстемақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
1) жұмыскер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
5) жұмыскердің уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
7) оқу демалысы кезеңінде;
8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі