Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерін тіркегендігі туралы хабарлайды:
Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып Қайбошев Айдын Асылбекұлы, 1992 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман есепшісі, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылының тұрғыны тіркелді.
Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып Джунусова Марина Николаевна, 1966 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылының тұрғыны тіркелді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы