Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
2026 жылғы 27 қыркүйекте Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Кудряшов ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1373 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 665. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 18, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 22.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жексенбай Аян Жексенбайұлына – 87
Қайбошев Айдын Асылбекұлына – 437
Умирзахов Рауан Мустахимовичке – 110
Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Қайбошев Айдын Асылбекұлы, 1992 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман есепшісі, Атырау облысы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылының тұрғыны сайланды.
Қиғаш ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 757 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 389. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 1, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Вахитов Бактияр Тлеккабыловичке – 76
Гайсина Анар Саясатовнаға – 57
Джунусова Марина Николаевнаға – 236
Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Джунусова Марина Николаевна, 1966 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылының тұрғыны сайланды.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы