Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
|
Құрманғазы ауданы Кудряшов
және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1), 2) тармақшалары және 2, 3-тармақтарына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
Б. Габдулов
|
|
Хатшы
|
Ж.Сундетов
|
Құрманғазы ауылы
19 тамыз 2026 жыл
№8