Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданы
Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін
құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына,      21-бабының 3 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Құрманғазы  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құрманғазы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша:

 -  Кудряшов ауылдық округі шекарасында Кудряшов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі;

 - Қиғаш ауылдық округі шекарасында Қиғаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.

  1. Сайлау округтерінің тізімі мен олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

                                     

Төраға

Б. Габдулов

 

Хатшы

 

Ж.Сундетов

        

        

        

 

Құрманғазы ауылы

19 тамыз 2026 жыл

№7

Дата публикации
19 августа 2026