Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар

Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерін тіркегендігі туралы хабарлайды:

 

Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып Каримов Нурболат Нурланович, 1977 жылы туған, ішкі істер органының зейнеткері, Атырау облысы, Атырау қаласының тұрғыны тіркелді. 

 

Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып Калиев Сарсембай Бердиханович, 1965 жылы туған, «Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафон  ауылдық округі Батырбек ауылының тұрғыны тіркелді.

 

Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып Меңдешов Кумарова Гульнара Орынбаевна, 1988 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Балықшы ауылының тұрғыны тіркелді.

 

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар
Дата публикации
10 июня 2026