Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

 

        2026 жылғы 7 маусымда  Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

 

Еңбекші ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 2445 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 1637. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 48, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Каримов Нурболат Нурлановичке – 1138

Нажетов Адильбек Аскаровичке  – 216

Рахимов Адлет Мелисовичке  – 264

Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Каримов Нурболат Нурланович, 1977 жылы туған, ішкі істер органының зейнеткері, Атырау облысы, Атырау қаласының тұрғыны сайланды.

             

Жаңаталап ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 2121 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 1123. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 59, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 24.                                                                        

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жігерұлы Мейірханға – 149

Калиев Сарсембай Бердихановичке – 724

Қайыр Еркебұлан Төлепұлына – 217

Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Құрманғазы аудандық филиалынан ұсынылған Калиев Сарсембай Бердиханович, 1965 жылы туған, «Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафон  ауылының тұрғыны сайланды.   

             

Көптоғай ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 714 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 416. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 27, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 5.                                                                       

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Балмуханов Ерболат Алмуратұлына  – 43

Батуов Нұртілек Нұрбекұлына – 55

Кумарова Гульнара Орынбаевнаға – 303

Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Кумарова Гульнара Орынбаевна, 1988 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Балықшы ауылының тұрғыны сайланды.   

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
08 июня 2026