Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданының Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Еңбекші ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:
Каримов Нурболат Нурланович 1977 жылы туған, ішкі істер органының зейнеткері. Атырау облысы, Атырау қаласының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Нажетов Адильбек Аскарович 1986 жылы туған, бас маман, «Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Рахимов Адлет Мелисович 1991 жылы туған, бөлім басшысының орынбасары, «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жаңаталап ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:
Жігерұлы Мейірхан 2000 жылы туған, аудан әкімінің бас инспекторы, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Калиев Сарсембай Бердиханович 1965 жылы туған, директор, "Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Сафон ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
Қайыр Еркебұлан Төлепұлы 1998 жылы туған, бас маман, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Көптоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:
Балмуханов Ерболат Алмуратұлы 1996 жылы туған, бас маман. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Батуов Нұртілек Нұрбекұлы 1994 жылы туған, басшы, " Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Кумарова Гульнара Орынбаевна 1988 жылы туған, бас маман «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Балықшы ауылының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы