|
Құрманғазы ауданы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Еңбекші ауылдық округі шекарасында Еңбекші ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі;
- Жаңаталап ауылдық округі шекарасында Жаңаталап ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі;
- Көптоғай ауылдық округі шекарасында Көптоғай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
|
Төраға орынбасары |
Г. Рахметуллина |
|
Хатшы |
Ж.Орынбасаров |
Құрманғазы ауылы
29 сәуір 2026 жыл
№3