Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2025 жылдың 12 айындағы атқарылған жұмыстары туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік қызметтер тұрақты түрде көрсетілуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 46 түрі бойынша жалпы саны 5 543 қызмет көрсетілді.
Көрсетілген қызметтердің форматтар бойынша бөлінісі:
– қағаз түрінде – 478 қызмет;
– «электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі бола тұра, қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызметтер – 526;
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 725 қызмет;
– «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 1 207 қызмет;
– ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде – 1 164 қызмет;
– «Е-лицензиялау» порталы арқылы – 1 443 қызмет көрсетілді.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта, атап айтқанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінде 24 мақала жарияланып, Facebook әлеуметтік желісінде 378 ақпараттық материал орналастырылды. Сонымен қатар, 21 тікелей эфир, 14 семинар-кеңес, 1 құқықтық оқыту, 4 қоғамдық кеңес отырысы және 2 онлайн-жәрмеңке ұйымдастырылды.
Аудан аумағындағы 19 ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 8 790 қызмет көрсетіліп, 3 856 электрондық цифрлық қолтаңба берілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, сәуір айынан бастап 7 ауылдық округ пен 2 бөлімде тиісті тексеру іс-шаралары жүзеге асырылды.
Алдағы кезеңде де аудан көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, олардың қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.