Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған ішкі талдау

 «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған ішкі талдау

Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі 25 үй, 87123321135, 21613. kurm_ovp@mail.ru
   

   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

 

         «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарынажәне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

          Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен бөлімнің бас маманы Асқар Елшат Асқарқызы тағайндалды.

         Аудандық ішкі саясат, мәдетиет және тілдерді дамыту бөлімі, өз қызметін 2019 жылғы 14 қаңтардағы №8 «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы сәйкес атқарады.

         Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы                         №361 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны-5 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 4 бірлік. Бос тұрғаны-1.  Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы

Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы                    № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы                            23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

-«Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»                    2007 жылғы   12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңы;

  • 100 нақты қадам- Ұлтық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
  • Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

Бөлім басшысының атына 2020 жылдың І жарты жылдығында жеке тұлғадан 1 арыз түсті. Ол зерделеніп,  уақытылы жауап берілді.

      Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-16-13 сенім телефоны орнатылған. 

       Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында мақалалар жарияланып келеді.

      Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

      Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 Бөлімде  сыбайлас жемқорлық

 тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген

 бөлімнің бас маманы                                                                       Е.Асқар

 

Документы
Ақпарат
05 октября 2026
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілетіні туралы
Хабарлама
04 августа 2026
«Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі ХАБАРЛАНДЫРУ
Анықтама
16 июля 2026
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Новости
Полезные материалы
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілетіні туралы
«Атырау облысы Нұржау ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бойынша ішкі талдау жүргізілетіні туралы.
«Атырау облысы Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша ішкі талдау жүргізілетіні туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы