Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласы
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бойынша халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекттік органы болып табылады.
Жоқ, аударылмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Ұдайы өзгеріп отыратын демографиялық құрылым, халықтың қартаюы және еңбек нарығының өзгеруі жағдайында лайықты қартаюды қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің біріне айналады. Сондықтан зейнетақы лайықтылығының Қазақстанда, әсіресе зейнетақының ынтымақты бөлігінің үлесінің төмендеуі және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өсіп келе жатқан рөлі аясында маңызы арта түседі.
Лайықты зейнетақы табысы – бұл зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамның әдеттегі өмір сүру сапасын елеулі қаржылық шектеулерсіз сақтауға мүмкіндік беретін төлем мөлшері. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысы бойынша кірісті алмастыру коэффициенті (КАК) кемінде 40%-ды құрауы тиіс. КАК – зейнетақы төлемдерінің зейнеткерлікке шыққанға дейінгі табысқа қатынасы, яғни зейнетақы табысы еңбек табысын қаншалықты алмастырады. Қазақстанда бұл көрсеткіш қазір шамамен 41%-ды құрайды.
Зейнетақы табысының лайықтылығын келесі амалдармен арттыруға болады:
Сондай-ақ тұрақты міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болашақта зейнетақы төлемдерінің сомасына оң әсер етуімен қатар, жалпы еңбек өтіліне байланысты мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшеріне ықпалы бар. 1998 жылдан бастап еңбек өтілі тек нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарымен расталады. Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 70%-ын (жалпы еңбек өтілі 0-ден 10 жылға дейін), ал ең жоғарғысы 110%-ын (30 және одан да көп жыл өтілі бар) құрайды. 2027 жылға дейін ең жоғары базалық зейнетақы КД-ның 120%-на дейін ұлғайтылатын болады.
Осы шаралардың барлығы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, зейнеткерлік жаста тұтынудың, бос уақыттың және өмір сапасының әдеттегі деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.