Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Гумаров Мейржан Жұмахайұлы
Шортанбай ауылдық округінің әкімі
Общая информация, образование

Ғұмаров Мейіржан Жұмақайұлы 1981 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары. 2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Заң» факультетінің «Кеден ісі» мамандығы, 2008 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

2005 – 2007 жылдары «НЭК», «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде менеджер, «Құрманғазы» кеден бекетінде кедендік рәсімдеу жөніндегі маман, 2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмыстары және бақылау бөлімінде, «Құлсары», «Ақкөл» және «Энергетикалық» кеден бекеттерінде маман, аға маман қызметтерін атқарды.

2013 – 2014 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2014 – 2017 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2017 - 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметінде болды.

2020 жылдың 3 шілдесінен бастап Шортанбай ауылдық округі әкімі қызметінде.

Отбасылы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы