
Сатылганов Есенбек Исатайұлы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылында 1978 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі–жоғары.
1996 – 2000 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқық негіздері жән экономика» мамандығы бойынша;
2020 – 2022 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономика және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сафон ауылдық округінің тұрғыны.
2000-2003 жылдары Ф.Энгельс атындағы орта мектебінде информатика және құқық пәндері бойынша мұғалім болып, еңбек жолын бастаған.
2003-2006 жылдары Ф.Энгельс атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2006- 2013 жылдары Сафон ауылдық округінің әкімі;
2013 жылдың наурыз-тамыз айларында Бірлік ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.
2013 -2017 жылдары Сафон ауылдық округінің әкімі;
2017 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың шілде айына дейін жеке шаруа қожалықта атқарушы директор қызметін атқарған.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап Сафон ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалған.