
Бауыржан Нұрланұлы 1991 жылы 01 желтоқсанда Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінде дүниеге келген.
Ұлты қазақ.
Білімі жоғары.
2007- 2010 жылы - Атырау қаласындағы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледж «Құқықтану» мамандығын бойынша бітірген.
2010-2013 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2013-2017 жылы Құрманғазы аудандық Әділет басқармасында жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің инспектор-тіркеуші болып бастаған.
2017-2019 жылдары аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімінде тіркеуші маман;
2019-2022 жылдары Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас маманы;
2022 жылдан - 2026 жылдың маусым айына дейін Көптоғай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.