
Баймуханова Нурия Бауыржанқызы 1980 жылы 18 мамырда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Киров селосында дүниеге келген.
Білімі жоғары.1997-2001 жж Атырау Мұнай және Газ институтының «мұнай-газ саласының экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі - инженер-экономист. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2001-2003 жылдары «Каспий-Балық» ӨК-де бастап, басқарма көмекшісі, маркетолог қызметтерін атқарды;
2003-2005 жылдары жылдары полиграфиялық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкер;
2005-2007 жылдары Құрманғазы аудандық қаржы бөлімінде бас маман;
2007-2010 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы;
2010-2013 жылдары Құрманғазы аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;
2013-2017 жылдары Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі;
2017-2021 жылдары Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бөлімі басшысының орынбасары лауазымында болды.
2021 жылдың желтоқсан айынан Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.