Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, orly_okrug@mail.ru, Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11,  факс 3-55-96

Бақыланатын кезең: 2025 жылдың 4 айы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу

туралы ақпарат

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде округ әкімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы  №57«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі шығарылды. Аталған өкім негізінде округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арнайы құрылған жұмысшы тобына, яғни бас маман Г.Гумарова, округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинжәне бас маман Е.Куанышкалиеваға  жүктелді.

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы   ауылдық   округ    әкімінің   аппараты   Құрманғазы ауданы  әкімдігінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №9 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына   сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 29.12.2021 жылғы  №350 қаулысы  бойынша  округ әкімі аппаратының   штатық саны – 5 бірлікті құрайды, оның қазіргі  нақты саны 5 бірлік. Округ   әкімінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №75 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Аталған мерзімде тәртіптік жауапкершілікке 1 мемлекеттік қызметші тартылған.

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2025 жылдың 4 айында 52 өкім шығарылып, 8 шешім алынғанНормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына  мерзімінде талдау жүргізілудеПрокуратура органдарынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.  

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық   даму,   инновациялар    және   аэроғарыш  өнеркәсібі министрі м.а.  2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығында көрсетілген 5 мемлекеттік қызмет «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту  туралыҚазақстан   Республикасы   Ауыл   шаруашылығы   министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес көрсетіледі:

1) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
4) Сауда-саттықты  (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет

меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату
6) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту

Есепті мерзім ішінде жалпы саны – 10 мемлекетік қызметкөрсетілген.

ІVАппаратта  рұқсат беру және бақылау – қадағалау  Функциялары  жоқ

VІЖеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімінің аппаратына 2025 жылдың 4 айындабарлығы 5 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, қанағаттандырылғаны 4, жазбаша түсінік берілгені 1

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған.  Күні  бүгін  сенім  жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында  3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда  баяндалғандар негізінде  Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде төмендегідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды және ол тәуекелдердің алдын алу мақсатында жұмысшы тобы құрамымен төмендегідей ҰСЫНЫМДАРберіледі:

1 Елді мекен шегіндегі жер учаскелерінің кезектен тыс немесе Заңсыз беріліп кетпеуі үшін, округ бойынша тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін уақытша жер учаскесін алып, мерзімінде игерілмегендігі үшін жерге құқық беретін шешімнің күші жойылып, мемлекетке қайтарылып алынған жер учаскелерінің нақты тізімін жасақтапол жерлердің бұрынғы меншік иесінің атағынан толықтай шығарылу жұмысын ұйымдастырып, округ бойынша аталған бағытта жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға ашық негізде ұсынылуы үшін схемаларымен бірге ресми сайтқа 2026 жылға дейін жариялау.

2. Тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесін алып уақытында игерілмегендігі үшін кері қайтарылған және бос тұрған жер учаскелердің кезектен тыс басқа мақсатта, яғни көрші жер учаскесіне қосымша жер ретінде немесе өзіндік қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргізу және саяжай құрылысы мақсатында беріліп кетпеуін округ әкімі мен округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы және жауапты маман қатаң бақылауға алсын

3. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату және жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жер учаскесінің жеке меншікке берілу кезінде тұрғын үй құрылысының толық аяқталуы мен жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуда жердің игерілу барысын мұқият қадағалау, аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алмас үшін қосымша құжат қажеттілігі бойынша тиісті орынға 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсыныс енгізілсін.

 

 

 

Бас маман                                                                                        Г.Гумарова

27052025 жыл

 

Округ әкімінің кеңесшісі                                                             А.Кибатуллин

 

 

Бас маман                                                                                       Е.Куанышкалиева

 

 

Ұсыным келісілді

Округ әкімі                                                                                      Ж.Бектемиров

2705.2025 жыл

Дата публикации
30 июня 2025