"Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі бойынша ақпарат

"Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі бойынша ақпарат

 

 «Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер төмендегіше көрсетіледі:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кеңсе арқылы);

2) мемлекеттік корпорация арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

 

Округ бойынша 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері:

  • Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру;
  • Сауда-саттықты (конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
  • Жер учасклерінің нысаналық мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
  • Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден немесе бөліп төлеуге сату.
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

Құрманғазы ауылдық округі бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуде түскен өтінішдер саны – 282.

Оның ішінде: кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру бойынша – 132 өтініш (мемлекеттік корпорация арқылы) түссе, ал жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша – 67 өтініш, жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден немесе бөліп төлеуге сату бойынша – 38 өтініш (қағаз түрінде көрсетілгендер).

«Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 33 өтініш орындалды, мемлекеттік корпорация арқылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 2 өтініш орындалды.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 10 өтініш орындалды.

Округ ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен Е-gov, Е-өтініш, Е-лицензия жүйелері мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз  алуда. Барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты дәлізінде ілінген.

2025 жыл өз-өзіне қызмет көрсету бойынша «Е-gov» порталымен – тұрғындарға 53 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің  бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық әлеуміттік көрсеткіші болуда. Округ бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы заңға сәйкес уақытылы, сапалы орындалып отыр.

"Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі бойынша ақпарат
Дата публикации
06 февраля 2026